Маңғыстау облысының әкімі Таушық ауылында болды

28 Қыркүйек, 2019 104 0

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Түпқараған ауданы Таушық ауылында болды. 

Үш мыңнан астам тұрғыны бар ауыл инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылған. Ауылда жалпы білім беру мектебі, үш балабақша, екі денсаулық сақтау нысаны және мәдениет үйі мен спорт кешені бар. Алдымен аймақ басшысы «Гаухар» балабақшасының жұмысымен танысты. 100 орындыққа шақталған мектепке дейінгі ордада қазіргі таңда 70 бала тәрбиеленуде.

Содан соң өңір басшысы мәдениет үйінде ауыл ақсақалдарымен кездесті. Ауыл үлкендері облыс әкімінің қызметіне табыс, алдағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып, ауылдағы жаңа тұрғын үйлерге газ құбыры тартылмағанын жеткізді. Ауыл әкімі Шалқыбай Әзірбаев құны 276,9 млн. теңге болатын жобаның дайын екенін, бүгінгі таңда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның инвест-жобаларының қатарына енгізіп, жүзеге асыру жоспарланып жатырғанын айтты.

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.