Зорлап, бала таптырған: Нигерияда «адам шығаратын фабрика» табылды

01 Қазан, 2019 353 0

Нигерия полициясы мемлекеттегі ең ірі қала Лагостан адам саудасына арналған «нағыз фабриканы» анықтады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nation басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Осылайша, полицейлер 19 жүкті әйел мен жаңа туған 4 баланы құлдықтан босатты. 

Анықталғандай, құлдықта болған әйелдердің жасы – 15-28 аралығында. Олардың бір бөлігі жақсы жұмыс іздеп Лагосқа көшіп келсе, өзгелерін ұрлап әкеткен. Оларды бірнеше ғимаратта қинап ұстап, жүкті қылу үшін зорлап келген.

Артынша жаңа туған балаларды сатып жіберіп отырыпты. Сәбидің құны жынысына байланысты 830 доллардан 1380 долларға (320 мың – 535 мың теңгеден аса) дейін бағаланған екен. 


Тегтер: Нигерия, полиция, жаңалықтар, адам, фабрика

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.