Әкем "Томирис" фильмін марқұм қызына арнады – Мәриям Сатаева

01 Қазан, 2019 506 0

Белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» туындысын шетінеп кеткен тұңғыш қызына арнағаны белгілі болды. Бұл туралы оның қызы Мәриям Сатай айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Есімі Сақ патшасының құрметіне қойылған үлкен әпкем Томирис көзі тірі болса, 24 жасқа толатын еді. Әкем мен анам оны Томико деп атапты. Мен онымен таныс болмасам да, әлі күнге дейін жоқтаймын. Бала күнімде ол қандай болды, кімге көбірек ұқсайтын еді, қасымда болған кезде қалай болар еді деп жиі ойланатынмын», - деді Мәриям Сатай. 

Әрі қарай ол үйдің үлкені болу өзіне оңайға соқпағанын айтты. Тіпті, бұл үшін ренжіген кездері де болған екен. 

«Неге отбасындағы тұңғыш қызбын, әпкемін деп ашуланатынмын. Әпкем болғанда жақсырақ болатындай көрінетін. Ол бұл өмірдің дәмін татпастан бақилық болды. Әйтеуір, бірде Томирис екеуіміздің қосылатынымызға сенемін. Барлығы Жаратқанның қолында. «Томирис» фильмін әкем өзінің тұңғыш қызына арнады», - деп аяқтады сөзін бойжеткен. 

Тегтер: АқанСатаев, Томирис, режиисер, кино, отбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.