Байқау өңірдегі БАҚ саласын дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін көтеруге, БАҚ өкілдерінің азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Мақсаты - талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету. Байқаудың марапаттау рәсімі 2020 жылғы 1 шілдесінен кешіктірілмей өтеді.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы 2020 жылғы 15 мамырдан бастап "Túrkіstan BAQ - 2020" шығармашылық байқауына материалдар қабылдауды бастайды. Байқауда бақ сынайтын БАҚ өкілдері Түркістан облысының дамуына қатысты позитивті материалдарын 2020 жылдың 15 маусым, сағат 19.00-ге дейін тапсыра алады.
Бұл байқауға өңірдегі БАҚ саласындағы кез келген ұжым, журналист қатыса алады. Байқауға БАҚ өкілдері 2020 жылғы 5 қаңтардан бастап, 2020 жылғы 15 маусым аралығында жарияланған материалдарын жолдауы тиіс. Бір журналист үш (3) материал ұсына алады.
Байқауға қатысу үшін өтінімді толтырып, ұйымдастырушының
uvpkonkurs@mail.ru электронды поштасына жұмыстарды жолдау қажет
(ТО Қоғамдық даму басқармасы, Ақпараттық ресурстар және БАҚ мониторингі бөлімі).
Сонымен бірге Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі, нөмірсіз (Ханака қонақ үйі), 2 қабат 6 кабинет мекенжайына жеткізуге болады.
Байқау тізбеге сәйкес келесі номинациялардан тұрады:
- «Алтын қалам»
(Мерзімді басылымдағы үздік талдау-сараптама үшін)
- «Tүркістан-Темірқазық»
(телеарнадағы ақпараттық-талдау бағдарламасына арналған үздік сюжет)
- «Объектив»
(Фотографтар, телеоператорлардың өңір туралы үздік жұмыстары үшін)
- «Тұран сайыпқыраны»
(Республикалық, облыстық БАҚ тілшілерінің үздік жұмыстары үшін)
- Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, «Ұлы Абай» тақырыбындағы үздік деректі фильмі
- Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Фараби феномені» тақырыбындағы үздік деректі фильмі
- «Түркістан жанашыры»
(Өз энтузиазмымен өңір туралы блогплатформалар мен тұғырнамаларда, әлеуметтік желілерде позитивті жаңалық жариялаушы желі белсенділері мен фрилансерлер)
- «Алтын көпір»
(Әкімдік пен журналистер қауымының арасында алтын арқау болған белсенді баспасөз хатшыларының еңбегі үшін)
- «Жаңа ақпарат» - облыс көлемінде республика бойынша үздік сайтты марапаттау.
- «Үйлесім»
(Үздік корректор мен дизайнер және монтаж жасаушыларға және техникалық қызметкерлер еңбегін бағалау)
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Жеңімпаздарды марапаттау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру
28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен сабақтастырылады.
Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Байқау комиссиясы – Түркістан облысы әкімі жанындағы БАҚ жөніндегі кеңес мүшелерінен тұрады.
Байқау комиссиясы үміткерлерді іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:
- материалдардың байқау талаптарына сәйкестігі;
- материалдың объективтілігі;
- кәсіби шеберлігі;
- журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі.
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы: Байқауға Түркістан облысына қатысты әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани, сараптамалық, ақпараттық материалдар қабылданады.
Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:
- Баспасөз материалдары Microsoft Word және PDF форматында жарияланымымен қоса өткізіледі (сканерленген көшірмеде атауы мен баспасөз БАҚ-тың шығыс деректері болуы керек). Сондай-ақ түпнұсқасын әкелу құпталады;
- ТВ-материалдары DVD-дисктерде беріледі, фото жұмыстар – CD немесе DVD-дискте;
- Бейнематериалдар 1920 х 1080 full HD кем емес рұқсатымен DVD форматта, хронометраж – 1 (бір) минуттан кем емес (бейнесюжеттер үшін) және 15 (он бес) минуттан (деректі фильмдерге немесе телебағдарламалар үшін) кем емес;
- Байқау жұмыстарын USB (flash) тасымалдаушымен беруге болады.
- Өтінім мен Байқау жұмыстары хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей өткізілуі керек.
Байқау тақырыбына, қойылатын талаптарға сай келмейтін, сондай-ақ мерзім аяқталғаннан кейін өткізілген жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқау жұмыстарының мәлімделген тақырыпқа сәйкестілігін Байқау комиссиясы анықтайды. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.
БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘРТІБІ
Комиссия құқылы:
- осы байқау туралы ереженің талабына сәйкес келмеуі негізінде байқауға қатысушыны қабылдамауға;
- Байқау комиссиясы байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы түсінік беруге міндетті емес.
Комиссия міндетті:
- Байқауға қатысушылардың барлығына бірдей жағдай жасауға;
- Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге;
- Байқау қорытындысы туралы мәліметтерді алдын ала жариялануына жол бермеуге.
Байқау жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі 2020 жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей өткізіледі.
Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты
Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі, нөмірсіз (Ханака қонақ үйі), 2 қабат 6 кабинет. Байланыс телефоны: 7 775 368 5785 Эльвира Арыстанбекқызы, 8 705 491 22 97 Нұрбол Бауыржанұлы.
Электронды пошта:
uvpkonkurs@mail.ru