"Бізде небір бомба қыздар бар": Айқын жалаңаштанған әншілерді жақтады

01 Қазан, 2019 715 0

Айқын қазақ сахнасында жалаңаштана ән айтып жүрген әріптестеріне ешқандай сын айтпайтынын жеткізді. Өнер адамдарына бәрі жарасады деген пікірде екенін жасырмады. 

Айқынның айтуынша, жалаңаштану ұятты іс емес, керісінше әртістерге тән қасиет. Ол үшін жалаңаш жұлдыздарды сөгудің қажеті жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz арнасына сілтеме жасап. 

"Мәселен, Ресейдің әншісі не шетелдің әншісі жалаңаштанып ән салып тұрса, ешкім таңғалмайды. Керісінше әдемі деп баға береді. Бізде де небір бомба қыздар бар. Олар сахнаға шықса, бәрі таңғалып, ұят емес пе дейді. Менталитетке тән емес шығар, бірақ олар әртістер ғой", - деді Айқын. 

Алайда Айқын жары Жұлдызға ашық-шашық киім кигізбейтінін айтты. Мұнысын былай деп түсіндірді. 

"Себебі Жұлдыздың тыңдарманы жалаңаш образды қабылдай алмайды. Оның тыңдарманы басқа, менің тыңдарманым басқа", - деді әнші. 


Тегтер: Айқын, сахна, қыздар, жалаңаш, әншілер, әріптес

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.