"5 миллионға дейін ақша салдық": Халық Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожаның ұтыс ойынына қатысып алданып қалды
"5 миллионға дейін ақша салдық": Халық Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожаның ұтыс ойынына қатысып алданып қалды
Әншінің атағына сеніп, абыройына үміт артқан қарабайыр қазақ тағы алданып қалды.
Бұл жолы 10 мың теңгелік лотореяға емес, 300 мың теңгеден 5 миллионға дейін баратын инвестицияға алданды. Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожаның жарнамасына иланған жұрт миллиондарынан айырылғанын айтуда.
Халықты екі ерке қызының ұтысы инвестициямен жалғасты. Бұл ақша табудың жаңа көзі ме, әлде халықты арбап-алдау ма? Ернар Айдар, Ақбота Керімбекова, Роза Әлқожа, үш әншінің де конкурсын ұйымдатырған бір мекеме.
Олар Оспанов Азат, Мұқият Саламат, Исатаев Мәди есімді азаматтар.
Салымы суға кетіп, ақшасынан айырылған халыққа енді кім көмек береді? Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдаралмасында айтылды.
Ұтысқа қатысқандар екі әншіге сеніп, ақшасын құйғанын айтып ақталды.
"Ақбота мен Розаға сенген соң, осы іске солардың қатысы бар болған соң сеніп ақша құйып отырмыз. Енді өздерінің қатысы жоқ екенін айтады? Біздің ақшамызды енді кім қайтарады", - деді қатысушы.
Инвестицияға кемінде 300 мыңнан бастап 5 миллион теңгеге дейін ақша салғандар бар.
Ұтысты қайырымдылыққа балап жүргендердің әрекеті қаншалықты дұрыс?
Роза Әлқожаның айтуынша, ұтысты ұйымдастырушылар бұл ойынның адал екенін өздерінің намазхан жігіттер екенін айтқан. Әнші олардың сөзіне иланып, кейін бір шикіліктің баын сезіпті.
"Маған өздеін намазхан жігіттерміз деп таныстырды. Ұлым жол апатына түскендіктен маған қаражат керек болды. Сондықтан 1 жарым млн теңгеге келістім. Жазып берген сөзін оқып жарнама жасадым. Үй алып, берді 7 млн теңгеге Мыңбаевтар отбасына үй алып берді. 3 отбасына көлік берді. Оны мен өзім хабарлап айттым. Олар Түркістан, Қарағанды, Атыраудың үш азаматы. Ешкім танымайды. Өздері де таңғалды. Көліктердің иесіне жетуін өзім қадағалап отырдым. Маған ұнамағаны билеттің көп сатылуы болды. 20500 билет сатылды. Инвестор тартқаны ұнаған жоқ. Инвесторларды шақырып алып, егер осының ақшасын берсемен, мына видеоны түсірмеймін дей отырып ақшаны қайтартқызғанмын. Кейін өзім концертке дайындалуым керек болды. Жігіттердің де тірлігі ұнамай кетті. Сондықтан мен бұл ойынның кетіп қалдым", - деді Роза Әлқожа.
Ал, Ақбота Керімбекова бұған басын ауыртқысы келмейтінін айтты.
"Қанша рет бұл туралы айттық. Қанша рет ақталдық. Мен енді айтқым да, басымды ауыртқым да келмейді. Журналистер түймедейді түйедей етесіздер. Менің ақшаға қатысым жоқ, мен тек жарнамасына түстім", - деп ақталды Керімбекова.
Ұтысқа қатысушының бірінің айтуынша, ол 300 мың тіккені үшін оған қосымша сыйлықпен бірге 300 мың теңгесі қайтарылуы керек болған. Уәде бойынша солай. Алайда 300 мың теңгенің өзі қайтпағанын айтады. Жалпы, 20500 билетті 9900 теңгеге көбейтсек, пайдасы 200 миллион теңгеден асады. Бұл ақша кімнің қалтасына кетті? Халықтың ақшасы қалай қайтарылады. Ол жағы белгісіз.