Шекарашылар сапасы ауыз суға қол жеткізді
Шекарашылар сапасы ауыз суға қол жеткізді
Түркістан облысы әкімдігімен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша Департаменті нысандарының инфрақұрылымын жетілдіру бойынша жол картасы іске асырылып жатыр. Жол картасы негізінде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.
“Сырдария” шекара бөлімшесі Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округі, Алмалы елді мекенінің аумағында орналасқан. Ондағы орталықтандырылған ауыз су жүйесінің тозығы жеткен болатын. Ұңғыма суы санитарлық талаптарға сәйкес келмеген. Салдарынан, шекарашылар бүгінге дейін суды тасымалдап пайдалануға мәжбүр болған.
Мырзабек Абишов - Жетісай аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы
Шекарашылар Алмалы елді мекенінен 3 шақырым жерден диаметрі 110 магитральдік құбыр тартылып, сапалы ауыз суға қол жеткізіп отыр. 10 жылдан бері ащы су ішіп келген қырағы қызметтегілер қуанышында шек жоқ.
Еламан Оспанов - «Сырдария» шекара бөлімшесінің бастығы
Айтып өтейік, тозығы жеткен ішкі су жүйесін ағымдағы жөндеуге 8 млн 556 мың теңге бөлінген.