Маңғыстауда аса қауіпті және карантинді инфекциялар тіркелмеген

26 Қыркүйек, 2019 373 0

-2019 жылдың 8 айында   аса қауіпті және карантинді инфекциялар (оба, тырысқақ, құтырма, сібір жарасы және т.б.) сонымен қатар полиомиелит,  сіреспе,  іш сүзегі,  паратиф, эпидемиялық паротит, қызамық, құрөзек, іріңді менингит аурулары және топтасқан тағамнан уланулар  тіркелген жоқ. Санитариялық – профилактикалық іс – шаралардың жоспарлы жүргізілуіне байланысты, жекеленген аурулардың төмендеуі байқалады.

Жіті ішек инфекцияларының тобы – 1,7 есеге,

Сальмонеллез -  7,8 есеге,

Бактериальды дизентерия – 3,4 есеге,

Ротавирус инфекциясы – 38,1 есеге,

Тағам токсико инфекциясы –15,7 жағдайға,

Жіті вирусты гепатиттер – 8 жағдайға,

оның ішінде  «А» вирусты гепатит  – 4 жағдайға,

«В» вирусты гепатит – 2 жағдайға,

«С» вирусты гепатит – 2 жағдайға,

Созылмалы вирусты гепатиттер  - 3 жағдайға,

Эхинакоккоз – 9 жағдайға,

ЖРВИ - 6,2 %,

Сифилис -   27,5%,

Бруцеллез – 1 жағдайға 

Дегенмен, облыс көлемінде кейбір аурулардың аурушаңдық деңгейінің  өскендігі байқалады. 

көкжөтел – 3 жағдайға, 

қызылша - 992 жағдайға,

тұмау – 10 жағдайға,

бруцеллез – 1 жағдайға,

Туберкулез – 4 жағдайға,

Педикулез  - 1,5 есеге. 

2019 жылдың 8 айында  облыс аймағында 1445  қызылша ауруына күдікті жағдай тіркеліп, оның ішінде 992 жағдайында диагнозы дәлелденді. Дәлелденген 992 жағдайдың 745-і зертханалық және 247 жағдайы клиникалық  түрде нақтыланды. Ауру көрсеткіші  орта республикалық көрсеткішпен салыстырғанда 2,6 есеге жоғары. Жастары бойынша талдау жасағанда, ауырғандардың 611-і (61,6 %) 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиесілі болса, 381-і (38,4%) ересектерді құрады. Контингент бойынша талдау жасағанда ауырғандардың арасынан  ең жоғарғы үлесі  ұйымдаспаған топтардан – 447 жағдай (45,0 %),  жұмыссыздар – 114 жағдай          (14,8 %) тіркелді,- деді департамент басшысының орынбасары Г. Куркинбаева.

 

Оның айтуынша, «Қызылша ауруының тіркелуі республиканың барлық аймақтарында жалғасуда, соның салдарынан  қосымша иммундау өткізудің қажеттілігі туындап отыр. Облыс аумағында ағымдағы жылдың 1  сәуірінен  бастап желтоқсан айына дейін 9 – 10 ай 29 күн аралығындағы балаларды қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстары жүргізілуде.       Егілетін балалардың жоспары жасақталып, барлығы - 15 090 құрады. Сәуір – тамыз айлары аралығында - 9475 бала жоспарланып, оның ішінде екпемен қамтылғаны -  7918 (83,6%) құрады.        

2019 жылдың 16 қыркүйегінен  бастап   20 жастан 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) адамдарға қызылшаға және қызамыққа  қарсы қосымша иммундау жұмысы басталды.

Егілуге арнайы контингенттерді (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері мен жеке құрамы, сотталғандар мен тергеумен қамауға алынғандар) қоса алғанда, 20-29 жас аралығындағы (20 жастан бастап 29 жас 11 ай 29 күнге дейінгі) барлық адамдар, егу мәртебесіне қарамастан болатын жері бойынша вахталық әдіспен еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар жатады. Облысқа 73 600 доза көлемінде қызылшаға және қызамыққа қарсы вакцина бөлінді.  Өндіруші елі – «Серим институт Индия».    Жоспарланған контингент саны – 65 610 адам. Облыс аумағында 16-19.09.2019ж. аралығында  барлығы 1447 адам қызылшаға және қызамыққа қарсы екпемен қамтылды. Егілгендер арасынан вакцинадан кейінгі реакциялар және асқынулар тіркелген жоқ».

-Вакцинация облыстағы медицина мекемелерінің 65 егу кабинетінде жүргізіледі. Иммундау жұмысы біліктілігі қайта қаралған   410 медицина қызметкерлерімен, оның ішінде 103 вакцинатормен ұйымдастырылады. Қызылша мен қызамыққа қарсы профилактикалық егулерге тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, 2018-2019 жылдары қызылшаға және қызамыққа қарсы егілгендігі туралы құжаттамалық  растауы бар адамдар, жүкті әйелдер мен лактация кезеңінде әйелдер иммундауға жатпайды,- деп мәлімдеді департамент басшысының орынбасары.

Дәрігерлердің айтуынша,  «Қызылша - вируспен шақырылатын жедел жұқпалы ауру. Қызылшаның белгілері - дене температурасының жоғарылауы, бас ауру, денеде бөртпелердің пайда болуы және жөтел қосылуы мүмкін. Қызылша ауруымен ауырған науқаспен қарым – қатынаста болған екпесі жоқ адамның барлығы ауырады. Ауру мына асқынулармен қауіпті: соқырлық, отит, пневмония, энцефалит, аурудың ауыр ағымы кезінде науқас өліп кетуі де мүмкін. Қызылшамен ауырған  500 адамның 1 өлім жағдайына ұшырайды. Қызылша вирусы науқастан сау адамға сөйлесу, жөтелу, түшкіру, тікелей және жанама қарым – қатынаста болғанда жұтқыншақ немесе мұрын бөлінділері арқылы және  жұқтырылған бөлмеден шыққан соң да беріледі.

Қызылшамен ауырған науқас бөртпе шыққанға дейінгі 4 күн мен бөртпе шыққаннан кейінгі 4 күн қоршаған ортаға қауіпті. Ауру жұқтырғаннан кейін  7-18 күн аралығында дамиды. Қызылшаны тек қызылшаға қарсы егілудің көмегі арқылы болдырмауға болады. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы егу жұмыстары 1 жаста, 6 жаста жоспарлы түрде жүргізіледі. Қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделенген кезде  және  бұрқ ету жағдайы орын алғанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізуге жол беріледі».

Суреттерді түсірген Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.