Маңғыстау: «Қайырымдылық керуені» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

26 Қыркүйек, 2019 454 0

Қыркүйек айының 2-нен «Қайырымдылық керуені» ІІ Республикалық конкурсына өтінімдер қабылдау басталды. Бұл туралы бүгін «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі» алаңында ұйымдастырушылар мәлімдеді.

Конкурстың ұйымдастырушылары: ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығы, «Хабар агенттігі» АҚ, Республикалық «КТК» телеарнасы және «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау екінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан бұл конкурс адамгершілік құндылықтарды, қайырымдылық және гуманизм идеяларын насихаттайды.

Брифинг барысында конкурсқа қатысу ережелері туралы айтылды. Оған әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген, өздерінің игі істерімен басқаларды ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Қайырымдылық қызметін мемлекеттік қолдаумен (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) іске асыратын кәсіпкерлік субъектілер және жеке тұлғалар конкурсқа қатыса алмайды.

Өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 2 қыркүйегінен 29 қарашаға дейін жалғасады. Өтінімдерді іріктеу жұмысы биылғы жылдың желтоқсан айында жасалады. Конкурстың жеңімпаздары2020 жылғы ақпан айының соңында – Алғыс айту күні қарсаңында анықталады.

Айта кету керек «Қайырымдылық керуенінің» жеңімпаздары бес номинация бойынша анықталады: «Асар» (қайырымдылық қызметі халықтық салт-дәстүрлермен байланысты болу керек), «Туған жер» (туған жерге білім, экология және абаттандыру салаларында, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т. б. саласында көмек көрсеткендерге), «Батыл жүрек» (ерлік, қайсарлық танытқан адамдарға), «Мейірім жолында»(өз еркімен, өз қаражатына адамдарға көмек көрсеткен жеке және жаңды тұлғаларға),«Қайырмалық Тарихы »(қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аударатын материалдарды ұсынатын, БАҚ-та қайырымдылық тақырыптарын үздік жариялаған журналистерге немесе шығармашылық топтарға беріледі).

Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.