Дүниежүзінде ең жас ана атанған 5 жасар қыз
Дүниежүзінде ең жас ана атанған 5 жасар қыз
Лина Медина дүниежүзінде ең алғашқы ана атанған қыз. Ол Перуде 1933 жылы өмірге келген. Оның жасы беске толғанда анасы уайымдап қызын, ауруханаға апарып тексертеді. Көз алдында іші қампайған қызының денсаулығына анасы алаңдайды. Дәрігерлер бес жасар қыздың ісікке душар болғанына сенімді болады. Алайда тексеру нәтижелері ісікке ешқандай қатысы жоқтығын анықтайды.
Олар қыз баланың құрсағында жеті айлық шарана бар екендігіне күмәні болмайды. Емдеуші дәрігері Херардо Лосада Перудің астанасындағы орталық ауруханаға апарып тексереді. Ақыры барлық дәрігерлер жүктілік диагнозына тоқталады.
Арада бір жарым ай өткен соң 1939 жылы 14 мамырда кесер тілігі арқылы дүниеге ұл бала келеді. Баланың дені сау, салмағы 2 келі 700 грамм болып туылады. Баланың есімін емдеуші дәрігердің құрметіне Херардо деп атайды. Бір таңқаларлығы, ота жасап жатқанда, дәрігер бес жасар қыздың ағзасының толық жетілгенін байқаған. Дене мүшесінің бойжеткен қыз секілді толық дамыған екен. Линаның ең алғашқы етеккірі екі жасында келе бастаған.
Перзентханадан шыққан соң, бес жастағы анасы мен баласын өз ата-анасы үйлеріне алып шыққан. Бала 10 жасқа толғанша, Линаны әпкесі деп санаған.Бес жасар қызды ана еткен қай оңбаған деп кез-келген жан ойлануы мүмкін. Барлық адамға күдік тудырған ол Линаның әкесі болады. Полиция сол мезетте-ақ әкесін қамауға алады. Алайда айғақтардың жеткіліксіздігінен заң алдында жауап беруден босатылады.
Лина үнсіз қалады. Ол өмірінің соңына дейін қандай жағдайға душар болғанын, баланың әкесі туралы тіс жармайды.Дәрігер Херрадо бейкүнә сәбиге барынша қамқорлық танытады. Ол оның білім алуына қол ұшын береді. Кейіннен Линаға клиникасында хатшы қызметін атқаруға рұқсат береді. Сондай-ақ өмірге әкелген баласының орта мектепке орналасуына жәрдем береді.
Алайда Линаның тұңғышы 40 жасқа жеткен соң, қатерлі ісіктен көз жұмады.
Лина баласының өліміне дейін тұрмысқа шығып, екінші ұлын өмірге әкеледі. Рауль Хурадо деген жігітпен отау құрғаны ғана мәлім. Ол бұдан кейін де балалы болып, немере мен шөберелерді де көзі көріпті. 83 жасқа дейін өмір сүргені мәлім. Ал өз тағдырын жұмбақ күйінде қалдырған ол ешқашан сұхбат бермеген екен. Алайда ол тарихта мәңгіге ең жас ана болып қала бермек.