Жаңалықтар

Түркістандық әкім Әлем чемпионын марапаттады

Созақ ауданының әкімі Әлем чемпионын қабылдады, деп хабарлайды newroom.kz. тілшісі Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов Украина мемлекеті, Киев қаласында өткен джиу джитсудан Әлем чемпионатының жеңімпазы Акбар Елубайұлынын қабылдап, марапаттады. «Украина елінде еліміздің әнұранын шырқаттың. Сенің жеңісің біздің зор мақтанышымызды туғызады. Алдағы уақытта спортта үлкен биіктерді бағындыруыңа тілектеспін. Денің сау, отбасың аман болсын», - деп ыстық ықыласын жеткізген аудан басшысы өз атынан сыйлық жасап, алғыс хат табыс етті. Акбар Елубайұлы – еркін күрестен ҚР үш дүркін жеңімпазы, Азияның күміс жүлдегері. Сондай-ақ, спорттың ММА, панкратион, джиу - джитсудан ҚР чемпионы, спорт шебері. «Толағай сұлтаны - 2019» байқауының бірінші орын иегері. 33 келі тартатын муляжды 2019 рет көтеріп, Қазақстан Рекордтар кітабына (КИнЭС) енді. Міне, бүгінде Украина мемлекеті Киев қаласында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды.