Адам туралы ең қызықты деректер
Адам туралы ең қызықты деректер
Әр адамның бойында өзіндік ерекшеліктері бар. Оны басқалар түсіне алмауы мүмкін. Бүкіл әлемнің құпия сырларын бір адамның ғана болмысынан табуға болады. Сонымен назарларыңызға адам мен оның өмір сүруіндегі ең қызықты деректерді ұсынамыз:
- Адамның көз алмасы туған уақыттан өмірінің соңына дейін мүлдем өзгермейді.
- Адамның сүйектері бетоннан мықты.
- Биік өкшелі аяқ-киімдер әуелде еркектерге арналған.
- Темекі шегетін адам әр он жылда екі тісінен айырылады.
- Әлемдегі ең жас ана 5 жаста болатын.
- Ең ерекше фобия – селенофобия – Айдан қорқу.
- Сиам егіздері 200 мың жылда бір рет өмірге келеді.
- Статистикаға сүйенсек, шашын оңға қайырып тарайтын ер азаматтар, солға тарайтындардан гөрі ұзақ өмір сүреді.
- Күн сайын біз 100 мыңға жуық ми клеткаларын жоғалтамыз.
- Төрт жасар бала күніне 400-ге жуық сұрақ қояды.
- Көзді ашып түшкіре алмайсыз.
- Адам баласы бүкіл өмірінде 35 тонна тамақ ішеді.