Жаңалықтар

Сағындым әке өзіңді! Атамбаевтың қызы әкесінің туған күніне көрме өткізді

Сағындым әке өзіңді! Атамбаевтың қызы әкесінің туған күніне көрме өткізді

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың туған қызы Әлия Шагиева арнап сурет көрмесін өткізді. Бұл туралы kaktus.media басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. Бішкектегі Ала-Тоо алаңында өткізілген шара Алмазбек Шаршенұлының 65 жылдығына орайластырып өткізілген. Бұл жолғы шара символикалық мән ретінде қырғыз халқының символы боларлық Манас ескерткішінің астында ұйымдастырылған.  width=
24.kg басылымының жазуынша Әлия Шагиева «Манас бился не для того, чтобы его потомки держали свой народ за лохов. Лохи — те, кто этого не понимает» - деп мәлімдеген.
2019 жылдың тамызынан бері қамауда жатқан Алмазбек Атамбаев қазнетте екі елдің арасына сына түсірер сөздерімен және Қой-Таштағы атыс кезінде бір сарбаздың қаза табуымен есте қалған тұлға болуы мүмкін. Жуырда оған түрік азаматтарына заңсыз паспорт берді деген де айып тағылған. А.Атамбаев Қырғызстанның 12-ші және 16-шы премьер-министрі лауазымын, 2011-2017 жылдары президент лауазымын атқарған.  width= Оның бір ұл, бір қызы бар. Әйелі – Раиса Минахмедовна татар ұлтының өкілі. Гитарамен ән айтқанды ұнататын Атамбаев «татар халқының күйеу баласымын» деген сөздің де авторы.