Жаңалықтар

Жапаровты мүмкін бе? Қырғыз ағайындар Жээнбековті тергеп жатыр

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) экс-президенті Сооронбай Жээнбековті тергеп жатыр деп жазады kaktus.media басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

Тергеу амалдары Қырғыз елінде қашаннан бері басынан дау арылмаған Құмтөр алтын кенішіне қатысты жүріп жатқан көрінеді. Бұл Жээнбековтің тергеуге екінші рет шақырылуы. Алдын оны 12 тамыз күні тергеп, 2016-2017 жылдары премьер-министр болған кездеріне қатысты сауалдар қойылған екен. ҰҚМК аталмыш іс бойынша экс-премьер министрі Өмірбек Бабановты да тергеп жатыр. Одан бөлек, Жээнбековтің депутат бауыры Асылбек те аталмыш іс бойынша тергеуге қатысуда.