Жаңалықтар

Моңғолияда ковидтан жануарлар қырылып қалды

Қытайлық Синьхуа агенттігінің хабарлауынша Моңғолияда ковидтан екі құндыз (бобер) қайтыс болған. Қалған жетеуінен «дельта-штаммның» белгілері табылған деп жазады newsroom.kz порталы.

Өлген жануарлар Ұлан-Батыр қаласындағы қоршаған ортаны қорғау басқармасына қарасты құндыздарды көбейту орталығында сақталған. «Дельта-штамм» белгілері табылған жануарларда көзден жас ағу, мұрыннан су кету секілді адамдарға тән аурудың белгілері анық байқалған. Жөтеліп қоймаған құндыздарға арнайы медициналық көмек көрсетілген соң жазылып кеткен.  width= Ковидтан қайтқан жануарлар тек бұлар емес. Мәселен, өткен айда Үндістанның Ченнай қаласындағы тоғыз жасар арыстан өзге тоғыз тұқымдастары ковид жұқтырған соң, ПТР тесті оң сынама көрсетіп, араға аз уақыт салып өліп қалған болатын.