Танымал қазақстандық әншінің әйелі күйеуінің алкоголь мен есірткіге тәуелділігін ашық айтты
NewsRoom
Танымал қазақстандық әншінің әйелі күйеуінің алкоголь мен есірткіге тәуелділігін ашық айтты
Әнші Иван Бреусов бір кездері есірткіге тәуелді еді. Жұлдызды шағында ол алкоголь мен есітркісіз күн кеше алмайтын күйге түскен. Әнші бұл жолдан қалай шыққанын әңгімелеп берді, - деп хабарлайды NewsRoom+ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әнші бір кездері көптің көзайымына айналып, экраннан жиі көрінетін. Соңғы күндері сахнадан да, көгілдір экраннан да көрінбей кетті. Мұны өзі жеке өміріндегі мәселелермен салыстырады.
"Атым шығып, таныла бастағанда айналам толы адам болды. Бәрі менімен жүрді. Менімен дастархандас болды. Бірге ішімдік ішу керек секілді болды. Осылайша күнде думан-тойға етім үйренді. Тіпті ағзам ішімдіксіз тұра алмайтындай болды. Есірткіге де тәуелді болдым. Сахнаға шықсам да, допинг қабылдап алатынмын", - деді Бреусов.
Бұл кездері қасында жары Меруерт Асанова болған. Ол өзі күйзеліске түссе де жұбайын тастап кетпеген. Қайта көмектесіп, жаман әдеттен арылуға күш салған. Әншінің тура жолды танып, өмірін жаңа беттен бастауына балалары себеп болған.
"Осы уақыт аралығында мені түсініп, менің дұрыс жолға түсуімді қалап, бар күшін салған жарыма алғысымды айтамын. Ол мені тастап кетсе де болар еді, бірақ олай етпеді. Қайта маған қолдау болды. Екі баламды өмірге әкелді. Балаларым өмірге келген соң мен өзгере бастадым. Жаман әдеттен тыйылдым. Көзім ашылып, енді өмір сүріп жатқандай болдым", - деді әнші.
Иван Бреусов пен Меруерт Асанова бүгінде екі бала тәрбиелеп отыр.