Жаңаөзеннің мұнайшы жастармен жарқын жүздесу

25 Қыркүйек, 2019 461 0

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова Жаңаөзен қаласына жасаған іссапары барысында "#ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамының белсенді жастарымен кездесті.

Шараға қала әкімінің орынбасары Аманғали Нұрдәулетов, "ӨзенМұнайГаз" АҚ директоры Бауыржан Мамбетсапаев "ӨМГ" АҚ -на қарасты 16 өндірістік басқармадан жастар кеңесінің жетекшілері және 40-қа жуық белсенді жастар қатысты.

Кездесудің мақсаты Президенттік жастар кадрлық резерві бойынша қатысушыларға ақпараттық үгіт-насихат  жұмысын жүргізу болып табылады.

Департамент басшысы Н.Жанназарова жобаның мақсатын, тіркелу тәртібін және құжат тапсыру ретін баяндап өтті.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары А.Нұрдәулетов пен "ӨМГ" АҚ директоры Б.Мамбетсапаев қатысушы мұнайшыларды, мекеме қызметкерлерін барынша белсенді қатысуға, Президенттің жастарға артқан сенімін ақтауға және мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды.

Қызметте өсуге және өзін-өзі дамытуға бұл үлкен мүмкіндік. Өндірістен шыққан басшының мықты болатынына мен сенемін. Барлықтарыңыз қатысып, өздеріңізді сынап көріңіздер, - деп "ӨМГ" АҚ директоры қатысушыларға шабыт берді.

Шара соңында, қызығушылық танытып, пікірлерін білдірген қызметкерлер де аз болмады. Атап айтар болсақ, "ӨМГ" АҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті маманы, жас мамандар кеңесі төрағасы Бауыржан Байымбетов жобаға қатысты оң пікірін білдіре отырып, әріптестерін және өндірістегі белсенді мамандарды қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, қатысушылардан Бекнұр Бисенов, Ануар Жұмағали және "Жаңаөзен" газетінің жауапты хатшысы Гүлсім Мұрынова жобаға қатысты бірнеше сұрақтарын қойды.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің

баспасөз қызметі


 


Тегтер: пкрезерв, пкмрезерв, президенттік, жастар, кадрлықрезерві, mangystau, aktau, pkrezerv, pmkrezerv

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.