Елордада «Тіл тазалығы» атты семинар-тренинг өтті
Елордада «Тіл тазалығы» атты семинар-тренинг өтті
Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастырумен өткен бұл шара Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына бағытталған.
Іс-шараны өткізудегі мақсат: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және қадір-қасиетін арттыру; қоғаммен байланыс жасайтын мамандық иелеріне кәсіби бағыт-бағдар беру; болашақ журналистерге (студенттерге) тәжірибелі мамандардың кеңесін тегін алуға мүмкіндік жасап, біліктілігін арттыру және теориялық білімді практикамен ұштастыру.
Семинар-тренингте «СММ негіздері мен ерекшеліктері», «Интернет ақпараттық соғыс алаңы ретінде» және «Таза баспасөз тілі» тақырыптары талқыланды. Ақпараттық технологияның дамыған сайын оны тұтынатын жандардың да талғамы артатыны сөзсіз. Іс-шараның негізгі өзегі де осы хақында болды.
Ескерту:
Қатысушылар карантин талаптарына сәйкес офлайн шарада бас қосты. Сондай-ақ іс-шара онлайн форматта, яғни ZOOM платформасында да ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат қатысушылар мен медиа-тренерлердің денсаулығына қауіп төндірмей, карантин режимін сақтау. Қатысушылардан вакцина төлқұжатымен, «Ашық» жүйесі арқылы кірген.
Айта кетейк, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 5 қыркүйектен Қазақстан халқы тілдері күніне орай ХХІІІ қалалық Тіл фестивалі басталған болатын. Және бұл фестиваль 28 қыркүйекке дейін жалғасады. Фестиваль аясында бірнеше іс-шара жоспарланған. Бұған қатысты ақпараттар әкімдіктің ресми сайтында, әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып тұрады.
БАҒДАРЛАМА
10:30-11:00 | Қатысушыны тіркеу | |
11:00-12:30 | «СММ негіздері мен ерекшеліктері» | медиа-тренер Мерей Ермұқан |
12:30-13:30 | Түскі үзіліс | |
13:30-15:00 | «Таза баспасөз тілі» | «Ақпарат саласының үздігі», журналист, медиа-тренер Базаркүл Үмбетова |
15:00-15:30 | Кофе-брейк | |
15:30-17:00 | «Интернет ақпараттық соғыс алаңы ретінде» | ІТ маманы, блогер Аршат Ораз |
17:00-17:30 | Қатысушыларға сертификат табыстау |