Елбасы кітапханасы Тұңғыш Президент күніне орай байқау өткізеді

26 Қыркүйек, 2019 201 0

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қоры және М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә.Назарбаевтың ән шығармашылығы» ашық республикалық шығармашылық конкурс жариялайды, деп хабарлайды Newsroom.kz presidentlibrary.kz сайтына сілтеме жасап.

Конкурстың мақсаты дарынды жастар шығармашылығын қолдау мен жандандыру, қазақ халқының музыкалық мұрасы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының сүйікті әндерін зерделеу және насихаттау арқылы олардың музыкалық-теориялық пәндерге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Конкурс 4 номинация бойынша өткізіледі:

– «Бабамнан қалған кең дала» (Н.Назарбаевтың авторлық әндерін орындау);

– «Елбасының сүйікті әндерінің толқынында» (Елбасының сүйікті әндерін орындау);

– «Қасиетті домбыра» (Елбасының сүйікті әндерін немесе оның авторлық туындыларын домбыраның сүйемелдеуімен орындау);

- «Ән адаммен қалады...» (қазақ халқының музыкалық мұрасы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қазақ тіліндегі сүйікті әндерін тарату);

Қазылар алқасының құрамына танымал әншілер, композиторлар мен педагогтар кіреді.

Конкурсқа жалпы білім беретін мектептердің 12-14 және 15-17 жасар екі санаттағы оқушылары, вокалдық ұжымдық топтар (соло, дуэттер, трио және квартет) қатыса алады. Ұзақтығы 4 минуттан аспайтын шығарма жанды дауыста орындалуы тиіс. Материалдар Flash–жинақтағыш немесе CD–дискпен ұсынылады.

Конкурстық өтінімдер 2019 жылғы 8 қарашаға дейін қабылданады. Нұр-Сұлтан қаласынан қатысушылар үшін тыңдау мен іріктеу 20 қараша күні, 12-00-де Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында өтеді.

Байқаудың ақтық сайысы 23 қараша күні, 12-00-де өтеді. Ақтық сайысқа қатысушыларға арналған құрама даярлық 24 қараша күні, жеңімпаздарды марапаттау салтанаты - 25 қараша күні, 15-00 сағатта Назарбаев орталығында өтеді.

Әр номинация бойынша конкурс жеңімпаздарына ақшалай сыйлық беріледі.

Тегтер: Елбасыкітапханасы, конкурс, ТұңғышПрезиденткүні, жеңімпаздар, сыйлық

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.