745 мыңнан астам адам екпе қабылдады
745 мыңнан астам адам екпе қабылдады
Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр. Соңғы тәулікте өңірде КВИ-дің 56 жағдайы анықталды. Тәуліктік өсім 0.43 % құрайды. Бүгінде инфекциялық стационарларда 3600 орын бар, 2559 төсек орын бос. Індет басталғалы коронавирустың 12 960 жағдайы тіркелді.
Жалпы өңірге COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның 791 610 дозасы жеткізілген. І-компонентпен 745 301 адам немесе 96%, ІІ-компонентпен – 606 474 адам немесе 80% егілген. Кейінгі тәулікте 6154 адам екпе салдыруға ниет білдірген, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.
Вакцинациялау вакцинаның келіп түсуіне байланысты кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Бұл ретте, бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары халықтың осал топтары коронавиустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға жатады, одан әрі иммундауға жататын халықтың осал топтары қамтылады.
Бірінші кезеңде инфекциялық аурулар ауруханаларының, жедел медициналық көмек, реанимация, МСАК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері вакцинациямен қамтылады. Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтарын, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызмет қызметкерлері вакцинациялаумен қамтылады. Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар қамтылады.