Цифрлы жүйенің мүмкіндіктері кең

25 Қыркүйек, 2019 487 0

Ақтау қалалық ХҚО қызметкерлері теңіз жағалауындағы су көліктердің бірінде қала тұрғындары мен қонақтарына цифрлы жүйенің мүмкіндіктерімен кеңінен танысып өтті. 

Шара барысында Egov.kz жаңа мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар Маңғыстау тұрғындарына Mgov.kz, телеграмдағы EgovKzBot туралы нұсқаулық буклеттер таратылды. Қызығушылық білдірген азаматтарға ЭЦҚ-ны қалай рәсімдеуге болатыны, мобильдік үкіметте тіркелу, сондай-ақ айыппұл мен салықтарды онлайн түрде қалай төлеу керектігі көрсетілді.

«Бүгінгі таңда электронды үкімет порталы арқылы кез келген мемлекеттік қызметке онлайн қол жеткізу мүмкіндігі туды. Мемлекеттік қызметтер реестріндегі 742 қызметтің 635-і мемлекеттік корпорация арқылы, ал 532-і электронды түрде қолжетімді. 2018 жылдан бастап Смартфондағы telegram қосымшасы арқылы @egovkzbot қызметіне жүгіну мүмкіндігі туды. Халық арасында танымал телеграмбот 25 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мұның бәрі азаматтардың ыңғайлығы үшін жасалып жатқан жұмыстар, тіпті өз уақытыңызды үнемдей аласыз, тек қана цифрлы жүйенің мүмкіндіктерін пайдалана білсеңіз болды. Ал біздер өз тарапымыздан халықтың цифрлық сауат ашу жұмыстарын үздіксіз жүргізудеміз.» - деп толықтырды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының МОФ баспасөз хатшысы Бағила Жарланова.

Айта кетейік, ХҚО қызметкерлері аталған шара бойынша Маңғыстау-Болашақ бағытындағы поез жолаушыларына цифрлық сауат ашу түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын.

Тегтер: Ақтау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.