Жаңалықтар

Алматы облысында жаттығу кезінде 31 жастағы офицер қаза болды

Алматы облысында жаттығу кезінде 31 жастағы офицер қаза болды

«2021 жыл 14 қыркүйекте Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, әскери шені «капитан», 1990 жылы дүниеге келген офицер қаза тапты», - деп жазады newsroom.kz. порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство марқұмның туыстарының өтініші бойынша ол туралы өзге ақпарат жария етілмейтінін ескерткен. «Бұрын ол 50-ге жуық мәрте парашютпен секірген. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы Күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады», - деп жазылған ресми мәліметте. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды. https://youtu.be/tWujBUwhdYo