Жаңалықтар

Кентауда жаңа мектеп ашылды

Кентауда жаңа мектеп ашылды

Кентау қаласында жаңа мектеп-лицей интернаты пайдалануға берілді, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі. Түркістан облысы Кентау қаласында 1 қыркүйек білім күні қарсаңында жаңа мектеп-лицей интернаты пайдалануға берілді. «Дара жол» атты білім ұясының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай мен қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев арнайы қатысып, көпшіліктің қуанышына ортақтасты. Мектеп ғимараты ертеректе «Ащысай түсті металл» комбинатының кеңсесі болған. Кейінгі тоқырау жылдары 3 қабатты нысан қараусыз қалған. Жеке кәсіпкер Сембек Әбдірахмановтың демеушілігімен жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін ғимарат 450 орындық білім ұясына айналды. «Мұнда білім алған әрбір бала дара тұлға болып өссін деген ниетпен мектептке «Дара жол» деп ат қойдық. Білім ошағы толықтай қажетті құрал -жабдықтармен қамтылған. Мектепте компьютерлік сыныптары мен пән кабинеттері бар. Тіпті жобаға сәйкес жатақханасына дейін қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда, балаларымызға сапалы білім, саналы тәрбие беруге барлық мүмкіндік бар», – деді кәсіпкер С.Әбдірахманов.