Меркі тұрғындары ашынып көшені жауып, әкімнен жауап талап етті
Меркі тұрғындары ашынып көшені жауып, әкімнен жауап талап етті
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы орталық базардың 100-ден астам саудагері әкімдік алдына жиналып, шу шығарды. Кәсіпкерлер ауылдағы сауда орнының қарсы наразылықтарын осылайша білдіруді дұрыс деп көріпті. Атқамінерлер өз кабинеттерінен шықпайынша кәсіпкерлер орталықтағы негізгі көшені жауып, автокөлік қозғалысын толықтай тоқтатып тастады, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.
Машиналарды өткізбей , Меркіде митинг боп жатыр. Базарды жабамыз деп, базардағы адамдар осылай тұрып жатыр.
Наразы топты тәртіпке шақырған полицейлердің әрекетінен еш нәтиже шықпады. Жолды жапқан саудагерлер аудан әкімінің өзі келіп, мәселені түсіндіруін талап етті. Кәсіпкерлер пандемия салдарынан онсыз да тұралап тұрған тірліктері базар көшкен соң тіптен тоқтап қала ма деп қауіптенеді. Аудан басшылығы саудагерлерге мәселені түсіндіремін дегенше автокөлік иелері бір сағаттай уақытқа жуық жол үстінде күтіп тұруға мәжбүр болды. Жергілікті билік базарды көшіру туралы ешқандай бастама болған жоқ дейді. Тек, аудан орталығындағы кептелісті азайту мақсатында сауда орындарына баратын қақпаны көшенің арғы басына ауыстыру жұмыстарын жүргізу қарастырылған деп отыр.
ҒАЗИЗ БАЙАРЫСТАНОВ, МЕРКІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ӘКІМІ: «Базардың ескі қақпаларын күнбатыс бетке ауыстыруы туралы шешім қабылданған болатын. ол үшін біз арнайы көлік тоқтайтын орындар әзірледік, жаяу жүргіншілерге арналған жол әзірледік, сонымен қатар, көлік қозғалысына кедергі келтірмейтін бағдаршам орналастырған болатынбыз. Басқа бұл жерде базарда жабу туралы ешқандай әңгіме жоқ».
https://youtu.be/bJ5YSLgfVVM?t=784