Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау саласындағы қызметкерлері арасында облыстық «Полиглот» байқауы өткізілді, деп хабарлайды
newsroom.kz порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шараның мақсаты елдегі тіл саясатынының іске асырылуына қолдау білдіру.
Тіл сайысының қатысушылары «Тәуелсіздік-тірегім» тақырыбында бейнеролик түсіру, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» арнап мақала жазу және Тәуелсіз Қазақстан жайында сұрақтарға жауап беру сияқты кезеңдерден өтті. Байқауға 12 қызметкер қатысуға ниет білдіріп, барлық кезеңнен сүрінбей, финалға 10 үміткер шықты.
Үш тілді жетік меңгерген қызметкер екенін дәлелдеген Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы, азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Заңғарбек Бақтиярұлы мен Түркістан қаласының ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Мейрамхан Бақытұлы, Кентау қаласының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Қуаныш Нұралыұлы жүлделі ІІІ орыннан көрінді. Ал, ІІ орынды ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы, аға лейтенант Асылбек Ақылбекұлы, Сайрам аудандық ТЖБ инженері, аға лейтенант Абылайхан Есболұлы иеленсе, жүлделі І орынды ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, а.қ. аға лейтенанты Бақдаулет Абытұлы иеленді.
Байқау жеңімпазы алдағы уақытта республикалық тіл сайысында Түркістан облысының намысын қорғайды.
Айта кетейік, байқауда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Е.Т.Сарыбаев. Түркістан қаласы әкімдігі «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Р.А.Шерова, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Оразбаева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеу бөлімінің басшысы А.Б.Сұлтан, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобының бас маманы Г.С.Серік қазылық етті.