weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қабатовтың қызы Дубайда оқиды ма?

Қабатовтың қызы Дубайда оқиды ма?

Қабатовтың қызы Дубайда оқиды ма?
ашық дереккөзі
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қызын ҰБТ дауынан кейін шетелге оқуға түсірген сыңайлы. Өйткені әлеуметтік желідегі парақшасына Әдемі Тұрсынбекқызы "менің университетім" деген жазумен Дубайда жүрген видеосын жүктеді. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап newsroom.kz порталы хабарлайды. Байқауымызша бұл жер Дубайдағы университеттердің бірінің алды. Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың отбасымен бірге үш күн бұрын парсы шығанағына кеткенін жақсы біледі. Жұрттың пайымынша, әзілкеш демалудан бөлек, қызының оқуы мәселесін де шешіп келетін сияқты. Естеріңізде болар, Тұрсынбек Қабатовтың биыл мектеп бітірген Әдемі есімді қызы ҰБТ-ға өзінің орнына басқа адамды кіргізіп, басы бәлеге қалып еді. Кейін өнер адамы бұған отбасының қатысы жоқ екенін, бәрін тестке даярлау орталығы ұйымдастырғанын мәлімдеді. https://youtu.be/bJ5YSLgfVVM?t=1114