Ақтауда вакцина паспортын сатқандар қолға түсті
Ақтауда вакцина паспортын сатқандар қолға түсті
Ақтауда 150 адамға індетке қарсы екпенің жалған паспортын сатқан 8 күдікті қолға түсті. Арасында медицина қызметкерлері де бар. Заңсыз іс әрекетке барған ақ халаттылар облыс орталығындағы емханаларда жұмыс істейтіні анықталды. Вакциналау паспортын сатып алғандар бір кісідей екпе процедурасына келген, бірақ салдырмаған. Мединца қызметкерлері екпе егілді деп базаға енгізіп отырған. Дайын құжатты алу үшін 50 мың теңгеге жуық қаражат берген. Ұсталған күдіктілер заңсыздыққа барғанын мойындады. Қазір олардан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынып, үйлеріне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары басталып, күдіктілердің үстінен іс қозғалды дейді полиция өкілі. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында айтылды деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.
АЛТЫНБЕК ҚАЛИЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Шілде айынан бері бұл ақпарат келіп түсті криминалдық полиция басқармасына. 2 айдан бері жедел іздестіру шаралары жүргізілді. Барлығы құжаттандырылды бұлардың істеген жұмыстары бәрі. Ары қарай да бұлардың қаншама дәрігерлермен жаңағы нелермен анықталады».
https://youtu.be/CcNTX8B2PGw?t=828