weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Декларация тапсырмағандар айыппұл төлейді

Декларация тапсырмағандар айыппұл төлейді

Декларация тапсырмағандар айыппұл төлейді
ашық дереккөзі
Қазақстанда декларация тапсырмаған тұлғалар айыппұл төлейді. Биыл жыл басынан жалпыға бірдей декларация енгізу  басталған болатын. Мемлекеттік кірістер комитеті декларациялаудың бірінші кезеңінің құжатын электронды түрде ұсыну мерзімі 2021 жылғы 15 қыркүйекте аяқталатынын жеткізді. Бірінші кезеңде жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғалар мен  олардың жұбайлары декларация тапсыруы тиіс. Ал декларацияны белгіленген мерзімде ұсынбаған азаматтар  әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер тәртіп орындалмаса бірінші рет  ескерту беріледі. Ал бір жыл ішінде қайталанса, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ анық емес мәлімет ұсынғандарға да әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап. https://youtu.be/CcNTX8B2PGw?t=1136