Үйлерін сағынып интернаттан қашты
Үйлерін сағынып интернаттан қашты
Ақтөбе облысында үш оқушы жоғалып кетті. Ырғыз кентіндегі мектеп-гимназияда оқитын ер балалардың жоқ екенін тәрбиешілері күндізгі сағат төрттерде байқаған. Интернат ауласында ойнап жүріп, ізім-ғайып жоғалып кеткен балалар аудан орталығына биыл ғана келген екен. Екі бала - бесінші сыныпта, ал біреуі 2-сыныптың оқушысы. Үш баланың екеуі- ағалы-інілі. Оқушыларды іздеуге тәртіп сақшылары, құтқаршылар, мұғалімдермен бірге еріктілер де жұмылдырылған. Сағат түнгі он бірлер шамасында балалар аман-есен табылды. Қазір аудандық білім бөлімі қызметтік тексерік жүргізіліп жатқанын баяндады. Балалар сабағын жалғастырып жатыр.
Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап newsroom.kz. порталы хабарлайды.
ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Түнгі сағат он бірде ауыл тұрғындары жоғалған балаларды өзеннің арғы бетінен тапты. Анықталғандай, кішкентай балалар үйлерін сағынып, 18 км жерде орналасқан ауылдарына бармақшы болған. Өзеннен қайықпен өтіп, қараңғы түсіп кеткеннен кейін ауылдарына баруға қорыққан».
https://youtu.be/CcNTX8B2PGw?t=73