Қазақстанда алдағы күндері аяз болып, қар жауады

25 Қыркүйек, 2019 399 0

Қазақстанның солтүстігіндегі жаңбыр мен сулы қар жауады.

Солтүстік Қазақстан облысында аяз, жауын-шашын мен қатты желге байланысты дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидрометтің» баспасөз қызметінің мәліметінше, синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда қар жауады деп болжайды. 

25-26 қыркүйекке қараған түні Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, соңы сулы қарға айналады . Сонымен қатар, 1-3 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде. 

25 қыркүйек күндіз қатты жел тұрады, түнде күшейіп, бағытын өзгертеді. Жел 25 м / с жылдамдыққа жетуі мүмкін. 26 қыркүйекте күшті жел жалғасады. 

25-26 қыркүйекке қараған түні Петропавлда аяз болып, қатты жел соғады. Дауылдың ықтималдығы 90-95 пайызды құрайды.

Дереккөз: ktk.kz

Тегтер: Қазақстан, ауа-райы, қар, жаңбыр, аяз

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.