1: Жапондардың денесінде артық иіс болмайды. Иіс болған күннің өзінде де, парфюмнің иісі ғана шығады. Өте кірпияз, таза халық. Күніне үш уақыт дүшқа түспесе тұра алмайды. Қайта-қайта қолын жуа береді.
2: Жапондар киімін күнде жуып, іш киімін күніне бірнеше рет ауыстырып отырады.
3: Жапонияда адамға сүйкенуге, сүйісіп амандасуға, қол беріп амандасуға болмайды. Ондай нәрсе туған-туыстардың арасында ғана болады. Амандасқысы, біреуге құрмет көрсеткісі кеп бара жатса, басын ие салады, болды. Бізде де қол алыспаған.
4: Банкоматта, дүкенде тұрғанда болсын, жапондар қай жерде тұрса да бір метрге дейін аралықты сақтап тұрады. Ешкім сенің желкеңнен төніп, демалып тұрмайды.
5: Жапонияда әжетхананың бәрі тегін, тап-таза іші. Біз сияқты оңды-солды шаптырып, нәжісті басып жүре бермейді. Туәлеттің ішінде үсті-басыңды қалыпқа келтіріп, тазаланып, киім ауыстырып, жуынып та аласың.
6: Дүкендерінде тамақтың бәрін (герметично) қаптап, қорапқа салып қояды. Тіпті, картоптың өзін де сөйтіп пакетке салып қояды. Шикалатты да фольгаға орап қойғаннан кейін не дейсің...
7: Егер бір жапон ауырып қалса, басқаларына жұқтырмас үшін бірден маска тағып алады.
8: Жапондар шетелге барғанды аса ұнатпайтын халық. Басқа елдер оларға жабайы, қауіпті сияқты болып көрінеді екен. Шынымен де...
9: Жапонияда тамақтың сапасы өте жақсы. Сапалы, таза, табиғи өнім болғандықтан, бірақ тез бұзылады. Азық-түлік, жеміс-жидекті сол күйі, шикі күйінде жегенді жақсы көреді.
10: Жапондар бір орында отырмайтын халық. Қашан көрсең де, үнемі жүгіріп, жаттығып, қартайғанға дейін спортпен айналысып жүреді.
11: Жапондар тамақты талғап, аз ішетін халық. Қартайғандарының арасынан да толық адам таба алмайсың.
12: Ақша – ең лас нәрсе. Қағаз ақшада вирус төрт күнге дейін жүруі мүмкін. Жапонияның банкоматтарында сол қағаз ақшаны вирустан залалсыздандырып, 200 градусқа дейін қыздырып, тап-таза қылып барып бір-ақ береді екен.
13: Жапон билігі ғылымға қатты көңіл бөледі. Содан кейін шығар, соңғы 30 жылда 20 жапон ғалымы Нобель сыйлығын алыпты.
14: Бір қызығы, өндірісі ең дамыған ел болғанымен, Жапония экологиялық тұрғыда ең таза мемлекет болып саналады. Олар тұрмыстық қалдықтың 90 пайызы қайта өңдеп отырады.
15: Ұзақ өмір сүруі жағынан жапондар әлемде бірінші орында тұр.
Жолымбет МӘКІШ