Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 қыркүйек, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Елордалық ардагерлер мен кітапханашылар Президент Жолдауын талқылады

Елордалық ардагерлер мен кітапханашылар Президент Жолдауын талқылады

Елордалық ардагерлер мен кітапханашылар Президент Жолдауын талқылады
ашық дереккөзі
Қалалық және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» қызметкерлері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, Президенттің ел алдына қойған негізгі міндеттерін атап өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Талқылау Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өтті. Ардагерлер мен зейнеткерлер еліміздің стратегиялық жоспары туралы пікір алмасты, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау бойынша кейбір ұсыныстарын жеткізді. Жиынды орталық директоры Мұхтар Еркетаев жүргізді. Ол Президент өз Жолдауында пандемия кезінде өңірлік саясат, медицина, экономика, саяси жаңғырту, медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігі мәселелеріне көп көңіл бөлгенін атап өтті.
«Мемлекет басшысының ең төменгі жалақыны көтеру туралы бастамасы бізді ерекше қуантты, ол түрлі салаларға әсер етеді және көптеген қазақстандықтың табысының өсуіне айтарлықтай әсер етеді, демек, ұлттың әл-ауқатының деңгейі артады. Біз Президенттің азық-түлік бағасын ұстап тұруға, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа ауыстыруға, жаңа мектептер салуға және азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі басқа да нақты міндеттерін Үкімет басшылыққа алуы тиіс деп санаймыз», - деді Мұхтар Еркетаев.
Мемлекет басшысы Жолдауда 2022-2025 жылдары мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және өзгелердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды. Еңбекақының өсуі – біздің жұмысымызға серпін береді, дейді кітапханашылар.  width= «Жолдауда айтылған өзекті мәселелердің бәрі біз үшін маңызды. Әсіресе, білім саласын көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Бұл жолда біз де аянбай еңбек етіп жүрміз және білім саласының ары қарай дамуына үлес қосуға дайынбыз. Ал Президенттің жалақымызды көтергенін мәртебемізді өсіргені деп түсінеміз», - дейді «Орталықтандырылған кітапханалар» жүйесінің басшысы Гүлбадан Мадибаева. Жиында мәдениет саласының майталмандары Жолдаудағы негізгі бағаттары бойынша пікір алмасты. Саладағы өзекті мәселелер көтерілді. Жолдауда қозғалған тақырыптар бойынша баяндама жасалды.