Жаңалықтар

Праймериз қатысушысы жаңа лауазымға тағайындалды

Праймериз қатысушысы жаңа лауазымға тағайындалды

ҚР ІІМ "Ақпараттық-өндірістік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жүргізуші куәліктері, көлік құралдарын тіркеу куәлігі, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін өндіру басқармасының басшысы лауазымына Еркебұлан Амантаев тағайындалды деп жазады newsroom.kz порталы сенімді дереккөздерге сілтеме жасап. Е.Амантаев өзінің еңбек жолын автоХҚО-да (автоЦОН) қарапайым маман ретінде бастаған. Кейін ХҚО бөлім басшысына дейінгі мансап жолындағы сатының барлық баспалдақтарынан өткен. "Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының Сарыарқа аудандық ЗТМО (ГЦВП)  және автоХҚО бөлімдеріне басшылық еткен. Азаматтарға арналған үкіметтегі соңғы лауызымы ішкі қауіпсіздік департаментінде қызмет еткен. Сонымен қатар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "политология және конфликтология" мамандығы бойынша PhD докторанты Еркебұлан Амантаев былтырғы жылы Nur Otan партиясы ұйымдастырған праймериздің белсенді қатысушысы болған.