Жаңалықтар

Өзбек тележүргізушісі көрерменді ауа-райымен "ашық түрде" таныстырды

Өзбек тележүргізушісі көрерменді ауа-райымен "ашық түрде" таныстырды

Бұл жолы алма мойын, ашық төсімен жұртты тамсандырған тележүргізуші көршілес Өзбекстанның телеарнасының рейтингін көкке көтерген. Алайда иығын жалаңаштап, қысқа киінген бойжеткенге тәнті болғаннан, сынағандар көп болған, деп хабарлайды Newsroom.kz. ULP24 -қа сілтеме жасап. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Өзбекстандағы ауа райы болжамының стандартты емес шығарылымының видеосы тараған болатын. Видеода жас қыз республикадағы ауа-райы туралы "ашық түрде" айтты. Өзгидрометте гидрометеорологиялық қызмет орталығы халыққа ауа райы туралы ақпарат бере алатын жалғыз уәкілетті орган болып табылатынын атап өтті. Ауа-райы туралы ақпарат Өзбекстан заңнамасына сәйкес БАҚ, теледидар және радиода берілуі керек. Орталықта ауа-райының стандартты емес шығарылымы этиканың қарапайым ережелеріне сәйкес келмейді деп саналады. Айта кету керек, ауа-райын болжаудың стандартты емес нұсқаларын жасау идеясы кімге келгені әлі белгісіз. Бұл әдіс Латын Америкасы елдерінде кең таралған. Әлеуметтік медиа қолданушылары да шығарылымды сынға алды. Олардың пікірінше, мұндай шығарылымдар балалардың санасын улайды. https://www.tiktok.com/@newsroomkz/video/7006164056151198978?sender_device=pc&sender_web_id=6961672904418543106&is_from_webapp=v1&is_copy_url=0