Жаңалықтар

Зираттағы сиқыр

Зираттағы сиқыр

Тағы да қара магия. Елордадағы зираттардың бірінен дуаның белгілері бар сурет табылды. Жастар бейнеленген фотоға 7 жерден ине қадалған. Онымен қоса жұпты сиқырлаған адам оқиға орнына пышақ қалдырып кеткен. Бұл заттарды әкесінің бейітін тазалауға келген қала тұрғындары тауып алыпты. Дін өкілдері бұл жәйтте қара дуа белгілері барын айтады. Ал, көріпкелдердің сөзінше, соңғы уақытта мұндай жаға ұстатарлық дүниелер көбейіп кеткен. Бұған не себеп? Дуа адамға қалай әсер етеді? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. ҚАЙЫРКЕН ОТЫНШЫ, ТІЛШІ: "Бұл - Елорданың оң жағалауындағы ескі зираттардың бірі. Бейіт басында жастар бейнеленген ине шаншылған мына сурет табылған. Осындай тылсым күштердің көмегімен әлдебіреулер бәсекелестерінің жолын бөгеп, өз дегендеріне жетіп жатады. Бірақ, адамгершіліктен аттап, біреуге жамандық тілеу арқылы жасалған дуаның артында не жатыр? Мысық тілеу азаматтардың бұл әрекетін ақтап алу мүмкін емес". Елордалық бұл тұрғындардың кім екендігін әзірге анықтау мүмкін болмады. Бірақ, көріпкелдер көз, ауыз, жүрек тұсына 7 жерден ине қадау әдісі қара магия деп аталады, - дейді. Ал, дуаны көбінесе ақыл ойы төмен, өз-өзіне сенімсіз жандар жасатады екен. МАЙРА НҰРҒАЗЫҚЫЗЫ, КӨРІПКЕЛ:"Бұл жерде қара дуа ғой. Бұны жастарға бөлуге, біреудің заказы бойынша жасалған зат болады. Егер, оны зиратқа апарып тастаса. Бұны негізі мұсылман адамдар жасамайды. Көреалмаушылықтан, қызғаныш, екі жасты бөлу. Бұның бір себебі болып тұр". Дәл осы жәйтке ұқсас жағдай жылдың басында Алматыда тіркелген еді. Айгерім шағын ауданындағы зираттардың бірінен қос ғашықтың ине шаншылған суретін тұрғындар тауып алған болатын. Ол уақытта да қара магияға сенген әлдебіреулер жастардың ортасына от салу мақсатымен осы әрекетке барыпты. Кейіннен, Әлішер Қабаев есімді жігіт өзінің де сүйіктісінің де жағдайы жақсы екенін мәлімдеді. ӘЛІШЕР ҚАБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: "Суреттерімізді ең алғаш таңғы сағат 7-де хабар келді ватсап желісіне. Алғаш көрген кезде қатты қорықтық. Бүкіл туысқандарымыз қорқып, барлығы уайымдап, көптеген смс сообщениелер келе бастады. Бұған ұқсас жағдайлар өмірімізде болмаған. Денсаулығымыз қазіргі таңда өте жақсы құдайға шүкір". Ал, бұл жаға ұстатарлық оқиға да оңтүстік шаһарда тіркелді. Әлдебіреулер келіншектің суретін шағын табытқа қуыршақпен бірге салып, зиратқа тастап кеткен. Мұны көрген сиқыр жасалған әйелдің балалары шошып қалғанын айтып, әлеуметтік желіде мәлімдеме жасаған еді. Бірақ, табытқа суреті салынып бейітке тасталған келіншектің қазіргі тағдыры белгісіз. ХАСАН АМАНҚҰЛОВ, ҚМДБ ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Енді, осы суретке қарап бірден айтуға болады. Бұл сиқырға қатысты мәселе. Бұны жасаған адам да сиқырмен айналысады. Демек, осы жұпқа бір қарсы осылардың бір қуанышына, бақытына ортақтаса алмайтын, бұларға бір іштарлық, көреалмаушылық жасау арқылы. Меніңше өзінің дұшпандығын осы сиқырды жасап отыр деп айта аламыз". Десе де дін өкілдері мұндай жағдайға кез-келген адам тап болуы мүмкін екенін айтады. Бірақ, қара дуадан қорқудың қажеті жоқ. Оның алдын-алу үшін бойды таза ұстап, сиқырдан сақтанатын дұғаларды оқып жүруге кеңес береді. https://www.youtube.com/watch?v=_CVUW-L28xM