Ақтөбе әуежайы неге арзан сатып жатыр
Ақтөбе әуежайы неге арзан сатып жатыр
Ақтөбе әуежайының көк тиын құны жоқ па? Мәжіліс отырысында депутат Андрей Линник сатылымға қойылған Әлия атындағы халықаралық әуежайдың тым арзанға бағаланып отырғанына алаңдап, тексеруді талап етті. Аталған нысанның аумағында терминал, әкімшілік ғимарат, коммерциялық аумақ, қойма - бәрі бар. Одан қалды барлық қондырғылары, инфрақұрылымы халықаралық стандарттарға сай келеді. Соған қарамастан 7,3 млрд теңгеге бағаланғаны күмән туғызып отырғанын айтты. 9 қыркүйекте саудаға шығарылатын әуежай әзірге облыстық қаржы басқармасының меншігінде. Стратегиялық нысанның сатылымға шығарылуына Үіметтің қаулысы себеп болырған көрінеді. Ал құнын бағалау компаниясы қойған. Ақтөбе халықаралық әуежайы осыдан екі жыл бұрын облыстық коммуналдық меншікке берілген болатын. Қаржы басқармасының мәліметінше, нысанды күтіп ұстауға қазынадан ақша бөлінбеген. Әуежайдың қызметі арқылы өткен жылдың өзінде 300 млн теңге табыс түскен. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеп newsroom.kz. порталы хабарлайды.
НҰРЛЫБЕК ӨНЕРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Құнын анықтауға екі жерде бердік, бірдей анықтап шықты. Компания бағалау, лицензиясы бар. Бұл комиссиямен шешіледі бағалау құнын. Қазіргі таңда құны - 7,3 млрд теңгеге бағаланып тұр. Ол бәрі заңға сәйкес. Әрі қарай электронды түрде жүргізіледі. 15 күн өткеннен кейін ол электронды түрде портал өзі анықтайды. Ол 7 млрдтан құны жоғары болу керек. Олар жоғары баға беру қажет».
https://youtu.be/2tGI_CjVLP0?t=1244