Жаңалықтар

Соңғы қоңырау 3-4 маусымда өтеді

Соңғы қоңырау 3-4 маусымда өтеді

Мектептер аттестат беру және соңғы қоңырауды 3-4 маусымда ашық алаңдарда өткізеді. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Caravan.kz ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлайды. "Жыл соңына дейін (оқу жылы - авт.) 3,3 миллион оқушыны, ЖОО мен колледждердің 1 миллион студентін қашықтан оқыту бойынша жұмыс жалғасады. Аттестаттарды беру және соңғы қоңырау 3-4 маусым күні мектеп жанындағы ашық алаңдарда өтеді. Тек адам саны аз болуы керек және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуы керек", - деді Тоғжанов. Ол ҰБТ штаттық режимде 20 маусымнан бастап, санитарлық нормаларды сақтай отырып, 168 пункт бойынша өтетінін хабарлады.