Жаңалықтар

Депутаттың ұйқысын ұрлады

Депутаттың ұйқысын ұрлады

Ең төменгі жалақы неге үш жылда бір рет көтеріледі? Ал азық-түлік құны мен коммуналдық тарифтер күн сайын қымбаттайды. Каникулда ел-жұрттың жағдайымен әбден танысып келген депутат Ерлан Смайылов осылай деп мәселе көтерді бүгін. Оның айтуынша, ең төменгі жалақыны есептеудің, көтерудің жүйесі түсініксіз. Ұлттық экономика ведомствосы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл сұрақтарға нақты жауап бере алмайды екен. Мәжілісмен  Үкіметке Халықаралық еңбек ұйымының № 131-ші конвенциясын тез арада ратификациялау қажет деген депутаттық сауал жолдады. Бұл конвенция жалдамалы қызметкерлерді негізсіз төмен жалақыдан қорғау жүйесін қамтиды екен, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап. ЕРЛАН СМАЙЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ АУДАРМА: Егер шенеуніктер мен министрліктің мамандарынан ең төменгі жалақы неге дәл 42 500, 60 000 теңге екенін сұраса нақты, дәлелді жауап ести алмайды. Олар ең төменгі жалақы неге үш жылда бір рет көтеріліп, азық-түлік пен қызметтер, коммуналдық тарифтер күн сайын қымбаттайды деген сұрақтың өзіне нақты жауап бере алмайды. Мысалы, отандық заманауи қоғамды зерттеу институты әлеуметтік сауалнама жүргізіп, Қазақстандағы бір адамның қажеттілігіне айына 89 318 теңге қажет екенін анықтады. https://youtu.be/2tGI_CjVLP0?t=597