Зауыт қызметкерлері аштық жариялады жауаптылар не дейді?
Зауыт қызметкерлері аштық жариялады жауаптылар не дейді?
«Обухов» кен байыту комбинатына қатысты дау ушығып барады. Бұл жолы зауыт қызметкерлері аштық жариялады. Бұған дейін аталған компаниядан шыққан шикізаттарға тыйым салынса, енді жарық сөндіріліп, комбинат жұмысы тұралап қалды. Қызметкерлердің жартысы жұмыссыз. Акционерлер арасындағы даудан зардап шегіп отырған қызметкерлердің ендігі жағдайы не болмақ? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында айтылды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.
Бұл - Солтүстік Қазақстандағы титан-цирконий өндіретін «Обухов» тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері. Осыдан екі апта бұрын елордаға жиналып "жұмыс істеп жатқан комбинаттың жарығын әлдекімдер қиып, нәпақасыз қалдық" деп базынасын айтқан болатын.
ЖАНБОЛАТ ДАНДАҒҰЛОВ, "ОБУХОВ" ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: "Біз жай жұмысшылармыз. Біз балаларға киім кигізуіміз керек. Соған ақша да жоқ. Екінші ай айлық бермей жатыр. Біз не істейміз, біз Президенттен көмек сұрап жатырмыз."
Ал бүгін атышулы компанияның басшылары жиналды. Сөйтсек кен байыту орнының атқарушы директоры Виктор Долголев пен акционерлер арасындағы дау бітпей, жанжалдың бір ұшы зауытқа тигенге ұқсайды. Бұдан шаршаған комбинаттың 4 қызметкері жұмыстың жандануын талап етіп, аштық жариялаған.
Комбинат басшылары мұның бәріне "Тиолайн" акционерлерін кінәлап отыр. Олар кен орнын әлдебір "Башқұрт сода" компаниясына сатқысы келеді екен. Тіпті комбинатқа рейдерлік шабуыл жасағандар да, жарықтың сөнуіне түрткі болғандар да солар көрінеді.
"ТӨРЕХАН АЛМАСБАЕВ, "ОБУХОВ" ТАУ-КЕН БАЙЫТУ
КОМБИНАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: "Олар "Бурабай-Энергоға" айтады, якобы договор "Тиолайнмен" қозғалған соң қиып бастаңыздар дейді. "Бурабай-Энерго" қиғысы келмеген. 400 адамды далада қалдырамыз ба, предоплатасы бар деп. Арыз жазамыз деп, әйтеуір қиып бастады. Мына адамдар солардың шашбауын көтеріп жүрген адамдар. Түбі бәрібір башкирская содовая компания."
"ВИКТОР ДОЛГОЛЕВ, "ОБУХОВ" ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: «Бұлардың бәрі Қазақстан азаматтары. Мысалы Тиолайнның 20 пайызына мен, қалғанына басқа адамдар иелік етеді. Яғни алты адамбыз. Бірақ менен басқасы кен орнын башқұрт сода компаниясына сату туралы хаттамаға қол қойған. Бұған қарсы тек мен ғанамын».
Зауытқа қатысты шу тек бұл емес. Былтыр комбинатты бөлісе алмаған тараптар бір-бірін таяқтауға дейін барған. Алайда "Тилоайн" өкілдері комбинаттың сатылуына еш қатысымыз жоқ, бәрі жала дейді.
"КИРИЛЛ САВЕРСКИЙ, "ТИОЛАЙН" ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: "Тиолайн" компаниясы Долголевтардың отбасына тиесілі. Оны олар жоққа шығармайды. Долголевта аталған компанияның тек 20 пайыз акциясы бар. Бірақ ол мұнымен келіспей, 2017-2018 жылдары "Тиолайн" комбинатына бақылау жүргізіп, басып алды да, "Обухов" кен байыту комбинатын алып келіп, сол арқылы бар пайданы өзіне меншіктеп алды. Осылай екі комбинаттың қызметін қосып отыр. Тіпті аштық жариялағандар "Обуховтың" қызметкерлері емес. Жарықты сөндіруге де біздің қатысымыз жоқ."
Құрылтайшылар арасындағы текетірес қазір ушығып тұр. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бітіспес дауға арласу біздің құзіретімізге кірмейді деп отыр. Ал облыстық прокуратура комбинат өндірісінің тоқтатылуын басшыларына қатысты іспен түсіндірді.
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫНАН ҮЗІНДІ
ЦИТАТА: Нұр-сұлтан қаласының Есіл аудандық сотымен В.И. Долгалевке, Т.Е. Алмасбаевқа, «Stal KZ» ЖШС, «Обуховуховский ГОК» ЖШС-на олардың лауазымды және өзге де тұлғаларына мүлікке билік ету бойынша әрекеттерді кез келген нысанда жүзеге асыруына тыйым салынған. 20.03.2020 жылғы ұйғарымның күші жойылған жоқ. Ал рейдерлік басып алу туралы дәлелдерге қатысты тергеу бастауға еш негіз жоқ. Өйткені «Тиолайн» ЖШС құрылтайшылары мен қатысушылары арасында азаматтық-құқықтық дау болды.
Осыған қарағанда комбинатқа қатысты кикілжіңге әлі нүкте қойылмайтын түрі бар. Алайда екі оттың ортасында қалған қызметкерлер жанайқайымызды естір құлақ табылып, жұмыс істеуімізге ешкім кедергі келтірмесе екен дейді.
https://www.youtube.com/watch?v=dzR7bsMT9O0