Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыруға қатысты елорда жастарымен кездесу өтті

21 Қыркүйек, 2019 69 0

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінде Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыруға қатысты елорда жастарымен кездесу өтті.

Аталған шараға саясаткер, «Elorda Aqparat» ЖШС директоры Жарқын Жұмаділов, блогер, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының баспасөз-хатшысы Ақерке Берлібай, еліміздің кино және театр актері Мейірғат Амангелдин, сонымен қатар, Президенттік жастар кадр резервке үміткерлер: Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары Жүсіп Жұмағұлов және «Жас Отан» жастар қанатының қалалық филиалының төрағасы Бақдаулет Жанділдаев қатысты.

Жастармен өткізілген жиынды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Жандос Шералыұлы Сәрсенов ашты.

- 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы ретінде жарияланды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайлауалды бағдарламасында Президенттік кадр резервін жасақтауды белгіледі, оның нәтижесі бойынша 300 жас басқарушы іріктеледі.

Осы мақсатта қыркүйек айында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Президенттік жастар кадрлық резервін іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау бастады.

Қатысушылардың құжаттарын қабылдау үшін pkrezerv.kz онлайн-құжат жинақтау автоматтандырылған платформасы іске қосылды. Құжаттарды қабылдау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптардың бірі – бұл Қазақстан Республикасының азаматтығы, жасы 35-тен аспауы, жоғары білімі және жалпы жұмыс тәжірибесінің 5 жылдан кем болмауы. Сонымен қатар, конкурсқа қатысуға Қазақстанның аумағынан тыс жерде тұратын еліміздің азаматтары да онлайн-платформа арқылы қатыса алады.

Резервке іріктеуге Президент тағайындайтын саяси мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, талаптарға сай барлық азаматтар қатыса алады. Сонымен қатар, үміткерлердің мемлекеттік қызметке кірудің шарттарына сәйкестігі тексеріледі

Үміткерлерді іріктеу бірнеше қарапайым кезеңдерден тұрады және үміткерлердің теориялық білімін, көшбасшылық қасиеттерін, стратегиялық көзқарасы мен кәсіби құндылығын бағалаудан тұрады.

Бүгінгі таңда аталған конкурсқа қатысу үшін 4,5 мыңнан аса үміткерлер тіркелген, олардың 685-і құжаттарды толығымен тапсырғандар.

 

Тегтер: ҚРМемлекеттікқызметістеріагенттік, кездесу, Нұр-Сұлтан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.