Жаңалықтар

Ауған Ислам Әмірлігінің баспасөз хатшысы Өзбекстанды құттықтады

Ауған Ислам Әмірлігінің баспасөз хатшысы Өзбекстанды құттықтады

Ауғанстан Ислам Әмірлігінің баспасөз хатшысы Забихуллох Муджахид Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне құттықтау хатын жолдады. Бұл туралы xabar.uz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. Құттықтауда: «Көрші достас Өзбекстанның Үкіметі мен халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты құттықтаймыз және шын жүректен ақ тілектерімізді білдіреміз. Алла Тағаладан Өзбекстан халқы мен Үкіметінің ар-намысы мен жоғары қадір-қасиетін қорғауды сұраймыз. Өзбекстан мен Ауғанстан халықтарын тату көршілік қарым-қатынас қана емес, екі елдің одан әрі жақындасуына ықпал ететін діни, мәдени және рухани құндылықтардың ортақтығы біріктіреді. Өзбекстанмен бейбітшілік пен тыныштық жағдайында, сондай-ақ достық пен тату көршілік қарым-қатынас рухында дәстүрлі өзара тиімді ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдіреміз»,- делінген.