Анасымен жолығуға костюм-шалбарын шешіп баратын президент кім?
Анасымен жолығуға костюм-шалбарын шешіп баратын президент кім?
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» деген мақал бұл президентті айналып өткен секілді. Ол президенттен бұрын бизнесмен, миллионер әрі табысты спортшы. Шыңғыс ханның мүсінін тұрғызған нағыз меценат деп жазады Online Qazaqstan желілік басылымы.
Бірақ «жолдан тайған жоқ». Мұның дәлелі неде десеңіздер, асып-тасқан байлығы бола тұра Моңғолия президенті Баттулганың анасы ескі үйде тұрады.
Жо-жоқ, анасын құрметтемегені, жақсы көрмегені емес, күйеуі екеуі кірпішін өз қолдарымен қалаған қара шаңырақта қалуды қарт ана өзі шешкен екен. Ал президент анасына жиі барып тұрады, жай ғана барып қоймайды. Үстіндегі костюм-шалбарын шешіп, қарапайым футболка киіп барады, үй тірліктерін өз қолымен атқарады. Анасы дайындаған тағамды жеп, қолынан қою шай ішеді. Үстінен костюм-шалбарын ғана емес, «президент» деген лауазымын түгел шешеді. Жалпы ананың қарапайым баласына айналады. Моңғол елінің басшысы бір сұхбатында: «Анама ешқашан ресми киіммен бармаймын, оның көзінше қалтамнан көп ақша шығарған да емеспін. Бұл кісі үкіметтен алатын аз зейнетақысын үнемдеп, келесі айға дейін жеткізуге үйренген адам», - деген екен…