Мұндай боларын білгенде баламды әскерге жібермес едім!
Мұндай боларын білгенде баламды әскерге жібермес едім!
АСҚАР ОРАЗОВ, ЖАРАЛЫ САРБАЗДЫҢ ӘКЕСІ: «Басында әскерге кетіп бара жатқанда мен айтқанмын мамасына «Соғысқа бара жатқан жоқ қой, барып қайтсын 1 жыл. Қайта өмір көреді, жақсы болады. Болашағына пайдасы болмаса зияны болмайды» дегенбіз. Қайдан білейік мұндай болатынын. Мұндай болатынын білгенде жібермейтін де едік қой». 03:26
Тұрғындар 26 тамыздан 3 күн өткен соң тағы да жарылыс болып, 2 адам жараланды деп отыр. Апат орнында жүрген министрлік өкілдері мұны растады.
ЖҰМАБЕК ХАСЕНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ БАС ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: «Хлопок дейді, оны жарылыс деп айтуға болмайды елді қорқытып, хлопоктан ине ұшып шығып, 2 қызметшімізге, әскери қызметші емес, ВОХР дейміз, сол 2 жігіттің аяғына біраз ине тиіп, жарақат алды. Ешқандай қауіп-қатер жоқ».
Әскерилер «жарылыс емес, хлопок» деп жайбарақат айтса да Қайнар халқы тырс еткен дыбыстан үрейленіп қалған. Оның үстіне 60 жылда бір рет те ауылдың мазасын алмаған қойманың аяқ астынан өртенгеніне де күдіктенеді екен.
ДӘУЛЕТ ӘШІРБЕКОВ, ҚАЙНАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Байзақ ауданында газ азанда өшеді 26-ы күні. Сол сияқты. Көп қой ондайлар. Алдын ала істелген де ондай заттар».
РУСТАМ ҚҰСБЕКОВ, БАЙЗАҚ АУДАНЫ ГАЗ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Хатқа сәйкес өшіріледі» деп бізге 3 ай бұрын ескертілді. Ол хат бар бізде».
Сәуір айында жазылған мына құжатта 23-27 тамыз аралығында Жамбыл облысы, Байзақ ауданында газ ағытылатыны жазылыпты. Қасақана істелмеді деген күннің өзінде, іргедегі тонналаған оқ-дәрі қайнарлықтардың түн ұйқысын ұрлайтыны анық. Көбі туып-өскен ауылдан кетпейміз десе, кейбірі бала-шағаның амандығы маңыздырақ дейді.
МҰХТАР ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚАЙНАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Қауіпті ғой. Не үшін салып беріп жатыр? Ертең тағы жарылса?
- Жалпы өзіңіз ананы көшіреді дегенге сенбейсіз. Сізді көшіру оңайырақ болады ғой сонда?
- Иа, ана жақта жартысы бар ғой әлі. Жарылмаған жартысы тұр әлі. Кеше мен жылқыларды көруге барғанда көрдім».
https://youtu.be/5gpXKnf__5Y?list=PL_blKZJ1z0cCjIX34-SJRAdE1RZHtm9z8&t=334