Қазақ жауынгерінің 76 жыл бұрын жоғалған медалі Украинадан табылды

Қазақ жауынгерінің 76 жыл бұрын жоғалған медалі Украинадан табылды

ашық дереккөзі

Қазақ жауынгерінің 76 жыл бұрын жоғалған медалі Украинаның батыс өңірінен табылды, - деп хабарлайды  NewsRoom+ тілшісі «Хабар 24» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі 1909 жылы туған сержант Бабағұмар Ысқақовқа тиесілі екені анықталған. Қазақ жауынгері, сержант Ысқақовқа бұл медаль 1943 жылы табысталған екен. Дәл осы жылы Шығыс Қазақстан өңірінің тумасы 14 тамыз бен 29 қыркүйекке дейін Украина аумағындағы аламан соғысқа қатысып, көзсіз ерлік көрсеткен. Алайда, 44 жылы медалін жоғалтып алады. Енді міне, Украина мен Ресейдің іздеу топтары «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі сержант Бабағұмар Ысқақовқа тиесілі екенін номер арқылы анықтап, бүгін оны Қазақстанның Украинадағы елшілік өкілдеріне салтанатты түрде табыстады. Андрей Пулин, «Белгісіз солдат» қоғамдық ұйымының іздеу топ жетекшісі - Атап өту керек, батыр екі рет ортақ қабірге жерленді деген ақпаратты кездестірдік. Оның бірі Украина мен Ресей шекарасында орналасқан. Екінші қабір Киев ауданындағы ауылда. Бұл дегеніміз, қазақ жауынгері соғыстың басынан аяғына дейін алдыңғы шепте жүріп, соғысқанын айғақтайды. Сондықтан қателесіп, екі рет жерлеген. Соғыстан кейін сарбаз еліне қайтады, қызмет етеді. Өкінішке орай медаль көзі тірі кезінде табылмады, алайда біз оны бүгін елшілікке табыстадық. Елшілік арқылы жауынгердің ұрпағына жеткізілмек.

Жүктелуде...