Шенеунік болам десең мемлекеттік тілді меңгер
Шенеунік болам десең мемлекеттік тілді меңгер
Шенеунік болам дегендер шет тілін емес, алдымен мемлекеттік тілде меңгеруге міндетті. Қазақ тілін білмейтіндер келешекте мемлекеттік қызметке тұра алмауы мүмкін.
Ал арманына қол жеткізгісі келсе тым болмағанда жұртпен ұғыныса алатындей деңгейі болуы тиіс. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осындай құжаттың жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Мақсат, халықпен тікелей жұмыс істейтін билік өкілдерінің қазақ тілін білуіне, үйренуіне басымдық беру.
Айта кетейік, кеше халыққа арнаған жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мемлекеттік тілді үйренуге шақырды және қазақ тілін дамытуды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі деп атап көрсеткен болатын.