Жаңалықтар

Семейдегі сапасыз үй тозып кетті

Семейдегі сапасыз үй тозып кетті

Жыл өтпей тозығы жетті. Семейде әкім Даниал Ахметовтың бастамасымен салынып, ақпан айында тапсырылған үйлердің сапасына оны мекен етушілер шағымданды. Көбіне әлеуметтік осал топтағылар мен көпбалалылар паналаған баспананың төбесінен су сорғалап, сыз басқан. Есік-терезесі де қисық қойылған үйлерді жел улеп, балалары ауыршаң бола бастапты. Су жаңа үйге кірдім деп, қиындыққа тап болғандармен тілшіміз сөйлесті. «Қазір акиматқа айтам. Мыналарыңыз не енді? Неше рет айттым ғой. Балалар тоққа түссе, сіздер жауап бересіздер». Видео авторы Индира Қожайсейітова аспалы шамынан судың құдды бір субұрқақтай атқылағанына ызалы. Келіншек өзіндей көпбалалы отбасыларған берілген үйге ақпан айында кірген. Айына 10-12 мың теңге төлеп тұратын жалдамалы баспананың рахатынан көрі, қиындығын көп дейді. ИНДИРА ҚОЖАСЕЙІТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Біз февраль айнда кірдік. Сол кезде көгеріп жатқан. «Ой, апай жаз болады. Кебеді», деді. Оған да көндік. Қойшы, бес баламен квартира да жүргенше, осыған жеткенімізге тәубп дедік. Жаздың өзінде мен көрпе-жастығымды шығармасам, влажность болады. Неделя сайын кішкентай қызым ауырады. Бронхит қайта-қайта». Өзге тұрғындар баста діңгектің де дұрыс құйылмағанын, есік пен терезенің қисық орнатылғанын алға тартады. АЙЖАН ӨМІРБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Үкіметке рақмет үйді бергеніне, акиматқа да рақмет, оларға өкпеміз жоқ. Бірақ енді салғанда да ұятымен салу керек қой. Дұрысымен. Сіздер қайта көрген жоқсыздар, мынаның фундаменті қандай болағанын». Әкімдік демекші, бұл жалдамалы үйді салу жөніндегі бастаманы облыс басшысы Даниал Ахметовке көтеріпті. Тіпті, бағдарламаға  «Бірқабатты Шығыс» деген атау да берілген. Өткен жылы ұсыныс аясында 36 мың шаршы метр үй бой көтерсе, биыл тағы 60 мыңын салу көзделген. Ал құрылысты жүргізген мердігер үйдің сапасын сынағандарға былай деп жауап қатты. АСХАТ МИРМАНОВ, «СЕМЕЙ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ: «Үйді адамдарды тапсыру кезеңі биыл көктемде дегенбіз. Бірақ әкімдік пен үй кезегіндегілер баспаналарына ақпанда кіруді өтінді. Сосын олқылықтар анықтала бастады. Бірақ біз бір жыл кепілдік бергенбіз, сондықтан өз қателіктерімізді реттейміз. Сапасы нашар тауарды сатқандарды тиісті шара қабылдаймыз». Мердігер барлық олқылықтар қыркүйекте жөнделеді деп сендірді. Бірақ тұрғындардың көбісі бұған сенімсіздікпен қарайды. «Үй салғандар жөндеп береміз деп отыр. Но, бірақ мен сенбей отырмын. 4 үйді бастағалы 15 күн болды. Міне қыркүйек айы басталады, олар қашан бітереді жөндеп?».