Жаңалықтар

Баспанаға әркімнің-ақ бар таласы

Баспанаға әркімнің-ақ бар таласы

Биылғы Жолдауда елді елең еткізген жаңалықтың бірі ол – зейнетақы жинағын Отбасы банкіндегі депозитке аудара аласыз. Бұл бақыт кімге және қалай бұйыратыны әлі белгісіз. Бүгінде оның арнайы механизмі ойластыруылуда екен. Бірақ, азаматтардың баспана аламын деп артық ақшасын аударып алып, артынан құнды зат пен тойға жұмсамауына кім кепіл? Сарапшылар алдымен нақты ережелерді бекіту керек деп отыр, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. Президент көтерген бастама бүгінде елімізде үй кезегінде тұрған 560 мыңнан астам азаматқа және жыл сайын орта есеппен отбасы құратын 120 мыңға жуық жас отбасыға баспана алуға көмек болмақ. Бастысы - үй кезегінде тұру міндетті. Жаңашылдық зейнетақы қорындағы шекті мөлшерден 1 миллионға дейінгі асатын қаражаты барларға тапсырмас жәрдем. ЖАНСҰЛТАН МАТАЙ, "ОТБАСЫ БАНК" ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:"Біздің жүргізген есебіміз бойынша 190 мыңға жуық жас отбасы осы Президент бастамасын қолдап,  өзінің ақшаларын Отбасы банкіне аудара алады. Бұл өз кезегінде Отбасы Банкінде алғашқы жарна жинау мерзімін екі есеге қысқартуға мүмкіндік береді". Елімізде әр жаңашылдықтан кейін бизнес өкілдері де бірден мың сылтау айтып, әр заттың құнын өсіріп жіберетіні бар. Оған жылдың басында тіркелген баспана бағасы дәлел. Мамандар осыдан сабақ алып, алдыңғы уақытта жалған қосымша құн қосуға жол бермеуге шақырды. БАУЫРЖАН ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ:"Халықтың жалақысының бір бөлігі Отбасы банкісіне аударылады дегенде ажиотаж жағдай қалыптасуы мүмкін. Жергілікті атқарушы орган, Атамекен, орталық орган нақты бір механизмін қарастыру керек. Нақты егерде баға қымбаттайтын болса, оның негіздемелерін талап етуді үйренуіміз керек". Кейбір сарапшылардың пайымдауынша, баспана нарығында баға көтерілмейді. Өйткені шаршы метрдің бағасы шарықтаған кез жылдың басында болған. Қазір бағаға емес, қордағы артық ақшаны азаматтарға бермес бұрын қатаң ереже қабылдаған жөн дейді. ДӘУЛЕТ ТӨЛЕУТАЙҰЛЫ, САРАПШЫ:"Депозитке зейнетақы аударымдарынан алынған ақша депозитке салынғаннан кейін шешіліп алынбауы керек. Ол ары қарай жинлауы керек. Себебі көп адам әлеуметтік желіде жазып жатыр. Ертең депозитке аударып, оны шешіп алса, басқа мақсатта пайдаланып кетуі мүмкін. Телефон алады, тойға кетеді, кредит жабады. Сондықтан негізгі мақсат, тіпті Президенттің өзі айтқандай жиналу керек". Десек те, қаржыгерлер зейнетақы қорындағы шекті мөлшерден асатын ақшаны жалпы азаматтарға беру жөн деген пікірде. Өйткені қаржы қорда тұралап тұрғанша әр адам өзінше инвестицияға салып, жемісін көру керек дейді. ЛӘЗЗАТ НҰРҒАЛИҚЫЗЫ, ЭКОНОМИСТ: "Шетелде мысалы ақшаларын инвестиция сақтандыру қорларына салып, қартайған кезде шетелге шығатын болсаңыздар көп қартайған кісілер, кемпір-шалдар қол ұстасып дүниежүзін Аралап жүреді. Осы инвестицияға салып қойған ақшаның пайдасы. Ал егер ол қаржы қорында жата беретін болса Сіздің ақшаңыз біріншіден өзінің құнын жоғалтады. Екіншіден Сіз аламын дегенше ақшаның мөлшері сіздің қажеттіліңізге жарамауы мүмкін". Банк өкілдері Жолдаудағы жаңашылдық қашан нақты іске асатын уақытты айта алмады. Ол үшін жақын арада Үкіметтің арнайы қаулысы шығу керек. https://www.youtube.com/watch?v=F93o3jggUq0