Нұр-Сұлтан қаласында «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтеді

23 Қыркүйек, 2019 224 0

Елордада 2019 жылдың 24-25 қазанында жыл сайынғы «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтеді. Жетекші IT-мамандар мен технологиялық кәсіпкерлер цифрлық даму саласында инновациялық шешімдер мен тәжірибе алмасу үшін бірыңғай диалог алаңында жиналады.

Бұл туралы Astana Hub PR және маркетинг департаментіне сілтеме жасап, Newsroom.kz хабарлайды.

Биылғы жылы «Digital Bridge» форумы еліміздің жас IT-мамандарын қолдау үшін Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен өткізіледі.

«Digital Bridge» форумының басты мақсаты – Қазақстанның инновациялық экожүйесіне қатысушылар арасында диалог алаңын құру және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысушы елдер арасында қазіргі заманғы технопарктер пулын қалыптастыру.

Форум алаңындағы басты шара Next Tech Entrepreneur Forum стратегиялық сессиясы болмақ. Қатысушылар үшін түрлі тақырыптарда ашық талқылаулар ұйымдастырылады: болашақтың білімі, венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау, цифрлық медиа. Мұнда қатысушылар арасында B2B кездесулер өткізу мүмкіндіктері болады.

Форум күндері дәстүрлі түрде жыл сайынғы Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін Astana Hub Awards марапаты өтеді. Сондай-ақ Astana Hub Battle жарысында технологиялық стартаптар өз мүмкіндіктерін көрсетеді.

«Digital Bridge» аясында Astana IT University ресми ашылуы мен Alem бағдарламалау мектебінің таныстырылымы өтеді. Сонымен қатар, форум шеңберінде бес CDO қатысуымен «Цифрландыру мәселелері бойынша ашық талқылау» сессиясы және ШЫҰ халықаралық технопарктерінің дөңгелек үстелі өтеді.  

Форум сайтында қатысушыларды және БАҚ өкілдерін тіркеу ашық http://digitalbridge.kz/.  




Тегтер: «DigitalBridge», Нұр-Сұлтан, форум, технология

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.