Бұл жолдау бұрынғыдан өзгерек-жалақы, жәрдемақы өседі!
Бұл жолдау бұрынғыдан өзгерек-жалақы, жәрдемақы өседі!
Көпке үміт сыйлаған жолдаудың басты жаңалығынан бастайық. Келер жылдан бастап елдегі ең төменгі жалақы 17 мың теңгеге артады. Яғни 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеріледі. Халыққа жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев атқарушы билік органдарына осындай тапсырма берді. Сондай-ақ, 2022 жылы 600 мыңға жуық отандасымыздың айлығы 20 процентке артады. Бұл тізімде қандай мамандық иесі бар? Зейнетақы төлемдерін енді депозитке аударуға болатыны рас па? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасаған newsroom.kz. порталы хабарлайды.
Сыры да көп, жыры да көп 42 500 теңге. Карантин кезінде хит болған бұл сомманың талайдың сынына қалғаны әлі есте.
Халыққа жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеден айналып өтпеді. Президенттің пәрменімен келер жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі өсетін болды. Бұрынғыдай бір я екі мыңға емес, бірден 17 мың теңгеге артады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Принимаю решение с 2022 года увиличить минимальную зарплату с 42500 до 60 тысяч тенге».
Шапалақ ұрып, қуанатындай жөн бар. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуы бұл карантинде төленетін төлемақылардың көбеюі ғана емес. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы да, әлеуметтік төлемдер де, сіз бен біздің алып жүрген жалақымыз да - тікелей осы соммаға байланысты өзгеруі тиіс.
БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ: «Бұл бірінші кезекте әрине мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар, әлеуметтік қолдаулардың да көтерілуіне алып келеді. Сондай-ақ көптеген жұмыс берушілер, тек қана мемлекеттік сала емес, көптеген жеке меншік компаниялар да жалақысынан 15-20 процентке олар көтеруге міндетті».
Алайда, кім-кім, бірақ бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбек ақысы өсетіні анық. Мемлекет басшысының келесі тапсырмасы осы болды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам дәрігер мен мұғалімнің жалақысы өсті. Бірақ өзге сала қызметкерлері одан тысқары қалды. бұл мұрағатшылар, кітапханашылар, жүргізушілер және тағы басқалар».
Сөйтіп, келер жылдан бастап алдағы үш жылда аталған қызмет иелерінің жалақысы орта есеппен 20 процентке артып отырады. Бұл бастаманың игілігін 600 мың отандасымыз көруі тиіс. Президент халыққа жолдауында «бас ауруы баспана» болғандардың жайын да қозғап, ел-жұртқа қолжетімді жаңа бағдарламаның іске қосылатынын мәлімдеді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары, және жұрттың бәріне қолжетімді емес. осыған орай біріңғай тұрғын үй бағдарламасы енгізіледі. Отбасы банкі оның әкімшісі болып белгіленеді».
Сондай-ақ зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп үлгермеген отандастарымыздың да құлағына алтын сырға. Енді қордағы қаржының бір бөлігін «Отбасы банк» шотына аударуға рұқсат берілуі тиіс. Мемлекет басшысы атқарушы органдарға бұл мәселені жақын уақытта қолға алуды тапсырды.
https://www.youtube.com/watch?v=hJOIgeWR5l4