Жаңалықтар

Түркістанда жабық үлгідегі базар бой көтерді

Түркістанда жабық үлгідегі базар бой көтерді

Түркістанда замауани, жабық үлгідегі базар салынды, деп хабарлайды newsroom.kz. Әлемнің ең әйгілі базарлардың үлгісімен салынып жатқан Түркістан қаласындағы ең ірі жабық базар жақында ашылады. Жабық үлгідегі базарда киім-кешек орталығы, алтын павильоны секілді заманауи сауда – саттық ошақтары бөлек орналасады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында бой көтерген жаңа нысандарды аралап, құрылысшылармен кездесті. Сапалы жұмысты талап еткен облыс басшысы, құрылысты уақыт оздырмай аяқтауды тапсырды. Жабық базардың жанында орналасқан дәстүрлі ауылшаруашылық нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары да жақын күндері пайдалануға беріледі. Мыңға жуық заманауи сауда сөрелері бар экобазарда ет-сүт, балық, көкөніс, жеміс-жидек түрлері көтерме бағамен сатылады. Жергілікті және өзге өңірлердің диқандары мен тауар өндірушілері мұнда өз өңімдерін сата алады. Бүгінде Атырау, Қостанай өңірлерінің тауар өндірушілері Түркістан қаласында өз өнімдерін саудалауға ниетті. Жаңа нысанда азық-түлікті сатуға қажетті тоңазытқыштар, қойма мен тауар түсіретін орындар болады. Облыс әкім сондай-ақ Түркістан қаласында салынып жатқан банк ғимараты мен жаңа қонақүйдің құрылыс барысымен танысты. Әкімшілік – іскерлік орталықта бой көтерген жаңа нысандардың айналасын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарымен танысты. Жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. ​